RU

Орынбор мен Омбы облыстарын Қазақстан шекарасына қосқандар ресейліктердің ашуына тиді

Қазақстан үкіметіне тиесілі «Казахстанская правда» газеті Ресей, Өзбекстан және Қытайдың кейбір аумақтары «қоса тіркелген» республиканың картасын жариялады. Қазақ тілін латын қарпіне ауыстыру туралы мақала аталмыш басылымның сайтына 12 қазан күні шыққан деп хабарлайды Lenta.ru басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кескіндемеде Қазақстан шекараларының бірі Ресейдің Омбы мен Орынбор облыстарының аумағын, Қытайдың Синьцзян-Уйгур автономиялық аймағын, Өзбекстанның Ташкент облысын өзіне "қосып" алған. 

Кейінірек аталған карта басылымның сайтынан өшіріліпті. Алайда суреттің түпнұсқа кескіні Google кэш жадында қалып қойған. 

Осындай карта қыркүйек айында Қазақстанның «ҚазАқпарат» мемлекеттік ақпараттық агенттігінде жарияланды. Бұл суретке қосылған мәтін қазақ тілін жаңғырту мәселесіне арналған.

Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл суретті 2014 жылы моңғолдық блоггер Самандар Цогтбайар жариялапты. 

Мұны көрген ресейлік азаматтар өз наразылығын білдіріп, аталған қателіктерге жол бермеу керектігін жазған.

Тағы оқыңыздар: 

22 жыл бұрын Ресейге қашып кеткен алаяқ ақыры қолға түсті

Қырғызстанда жетінші сынып оқушысы өгей әкесінен жүкті болып қалды

Талғат Мұсабаев ұшақтары жиі апатқа ұшырайтын Авиация комитетіне шүйлікті

Назарбаев неміс кәсіпкерлерін "Астана" қаржы орталығына атсалысуға шақырған

Латын әліпбиін құрастырушылар: Басы бүтін, кемшілігі жоқ әліпби жасау мүмкін емес

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1646410-orenburg-pen-omsk-oblystaryn-qazaqst.html