RU

"Анасы" алып кетуге келгенін естіген жетім қыздың қуанышы көпшіліктің жүрегін елжіретті

АҚШ-та 11 жасар жетім қыздың «анасы» келгенін естіген кездегі қуанышы бейнеленген видео желіні жарды деп хабарлайды Reactor.inform.kz.

Американың Юта штатындағы балалар үйінің бірінде болған оқиға ғимараттағы бейнекамераларға түсіп қалған. Видеода қыз балаға тәрбиеші келіп, оны асырап алатын ата-ананың табылғанын хабарлайды.

Жақсы хабарды ести сала жүрегі жарыла қуанған қыз тәрбиешісінің үстіне секіріп мініп, құшақтап алады.

Алдын ала белгілі болған ақпаратқа сәйкес, қызды Фишер отбасы асырап алмақ екен. Ерлі-зайыптылар ұзақ уақыт бойы балалары болмағандықтан, бала асырап алуға шешім қабылдаған. Оларды қазіргі кезде 13 жасар Эйден мен 10 жастағы Мейсиді тәрбиелеуде. Ал, үшінші баланы асырап алуға кіріскен олар балалар үйіне екі жыл бойы келіп, мына қыз баламен араласып тұрған. Оның үстіне құжаттар рәсімдеу уақыты да ұзаққа созылып кетіпті.

Видеоны көріп, тамашалаған 2,5 млн жуық адамның көпшілігі көздеріне көзіне жас алғанын айтады.

Тағы оқыңыздар: 

22 жыл бұрын Ресейге қашып кеткен алаяқ ақыры қолға түсті

Қырғызстанда жетінші сынып оқушысы өгей әкесінен жүкті болып қалды

Талғат Мұсабаев ұшақтары жиі апатқа ұшырайтын Авиация комитетіне шүйлікті

Назарбаев неміс кәсіпкерлерін "Астана" қаржы орталығына атсалысуға шақырған

Латын әліпбиін құрастырушылар: Басы бүтін, кемшілігі жоқ әліпби жасау мүмкін емес

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1646461-anasy-alyp-ketuge-kelgenin-estigen-zhe.html