RU

Атырау облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты

Жол апаты 12 қазан күні Атырау-Индер трассасында болған деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Жұлдыз-3» ықшамауданындағы жол учаскесінде «Геленваген» мен «МАЗ» жүк көлігінің соқтығысуынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушылары қаза тапты.

«Жол апаты туралы хабарлама кезекші бөлімге кешкі сағат 21:40-та келіп түскен. Жеңіл автокөлік Ақсай кентінен Атырау қаласына келе жатқан, ал жүк көлігі Атыраудан Орал қаласына жолға шыққан.

Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-тармағына сәйкес («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») соталды тергеу басталды», - деп хабарлайды Атырау облысы ІІД баспасөз қызметі.

Жантүршігерлік жол апатында 29 жастағы жүргізуші, 58 және 64 жастағы екі әйел, 77 және 81 жылғы екі ер адам қаза тапты.

«МАЗ» көлігінің жүргізушісі ауруханаға жатқызылды. Ол БҚО тұрғыны екені анықталды.

Тағы оқыңыздар: 

22 жыл бұрын Ресейге қашып кеткен алаяқ ақыры қолға түсті

Қырғызстанда жетінші сынып оқушысы өгей әкесінен жүкті болып қалды

Талғат Мұсабаев ұшақтары жиі апатқа ұшырайтын Авиация комитетіне шүйлікті

Назарбаев неміс кәсіпкерлерін "Астана" қаржы орталығына атсалысуға шақырған

Латын әліпбиін құрастырушылар: Басы бүтін, кемшілігі жоқ әліпби жасау мүмкін емес

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1646478-atyrau-oblysynda-zhanturshigerlik-zhol-2.html