RU

Ақтөбеде тентек оқушының кесірінен бүтіндей бір сынып сабаққа барудан бас тартып отыр

Ақтөбе қаласындағы №25 орта мектептің ата-аналары шу көтерді. Олар екінші сыныпқа баратын балаларын сабаққа жіберуден бас тартып отыр. Себеп – басқа сыныптан ауысып келген тентек бала деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Айтуларынша, еркелігі шектен шыққан оқушы сабаққа кедергі келтіріп, балаларының мазасын алып жүр.

«Мектептен балаларымыздың білім алуы қиындап кетті. Сыныптағы ерке баланың қылығына төзу мүмкін емес. Мұғаліммен төбелесуге дейін баратын бала, балаларымызға сабақ оқуға мүмкіндік бермейді. Ол бала өткен жылы басқа сыныпта оқыған. Биыл біздің сыныпқа көшірілді. Балалардың бетіне қолына түскен затын лақтырып жібереді, ұрады. Мамасы жасаған ескертулерден үндемей құтылады. Баласы еденге жатып алып, сабақ үстінде айқайлайды», - дейді ата- ана Динара Молдағалиева.

Ата-аналар бір оқушының әлегінен бірнеше жерге арыз түсіріп үлгерген.

«Қазір біздің балаларымыздың да білім деңгейі төмендеп кетті. Бақылау жұмыстарында балаларымыз төмен балл көрсетіп жүр. Өткен жылы сабақ көрсеткішіміз жоғары болатын. Басқа сыныптан ауысқан бала сабақ үстінде балағат сөздер айтады. Мұғалімдер шу шығармауды ойлап, бұл жағдайды айтпай отыр. Біз мектеп директорына, білім бөліміне, әкімшілікке де арыз түсірдік. Ол баланы ауыстырмаса біз балаларымызды сабаққа жіберуден бас тартатын боламыз», - дейді ата-ана.

Бір топ ата-ананың тентек оқушыға қатысты наразылығы бүгіннен басталды.

Тағы оқыңыздар: 

Алматыда сегізінші қабаттан құлаған қыздың неден қайтыс болғаны белгілі болды

Маржан Арапбаева қызғаншақ жолдасы мен жеке өмірі туралы бар шындықты жайып салды

Тендер, монша және "ағашкалар": Елімізде тендер алу үшін басшыларға қалай жағынады?

Атырау облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты

Жолкүре үшін жаңа туған сәбиін сатпақ болған ата-ана елді дүрліктірді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1646673-aqtobede-tentek-oqushynynh-kesirinen-b.html