RU

"Мұның бәрі өтірік": Назарбаевтың Сочидегі ең маңызды бес мәлімдемесі

Жуырда ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Сочиге барып, ТМД президенттері мен Жоғарғы экономикалық кеңес отырыстарына қатысқаны белгілі. Ол аталған саммитте ел есінде қалған қандай маңызды мәлімдемелер жасады? NUR.KZ порталы Sputniknews.kz ұсынған Назарбаевтың Сочиде айтқан сөздерін назарға ұсынады.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ресейге барып, Владимир Путинмен екіжақты келіссөздер жүргізгені белгілі.

Екі ел басшылары екіжақты ынтымақтастық пен оны дамытудың перспективаларына қатысты өзекті мәселелерді талқыға салды. Осы тұста Нұрсұлтан Назарбаев Ресей экономикада болсын, өзге салада болсын Қазақстанның маңызды стратегиялық серіктесі екенін атап өтті.

"Қазақстан Ресейдің ең сенімді және жақын серіктесі болмақ", - деп мәлімдеді Назарбаев.

"Ресей экономикасында қиындықтар, санкциялар болғанымен, біз алға жылжып келеміз және әлі де осы бағытты ұстанамыз", - деді ол.

Сонымен бірге ол Байқоңыр ғарыш айлағына қатысты да пікір білдіре кетті.

"Біздің Байқоңыр айлағы бойынша серіктестігіміз де жақсы дамып келеді. Мен жуырда ол жаққа барып келдім, сізге айтып беремін", - деді елбасы Путинге.

"Әсерлі кездесулер, ұдайы пікір алмасулар өткізу арқылы шешілмейтін мәселе қалмайды", - деді ол.

Ал Қырғызстан президентігінен үміткер Омурбек Бабановты қолдайтын-қолдамайтыны туралы журналистер сұрағына ол: "Мұның бәрі өтірік", - деп жауап беріп, елдің күмәнін сейілтті.

Маңызды жаңалықтарды ортаға салып, ой айтқан ел президенті кездесудің ресми ауанын жұмсартпақ болып, Сочидегі ауа-райының тамаша болып тұрғанын тілге тиек етті.

"Сочиде сәл кідіре тұрудың өзі бір ғанибет. Ауа райы тамаша болып тұр", - деді тамсанып ел президенті.

Сонымен бірге кездесуде елбасы әзілге де орын беріп, Путиннің мерейтойына тарту етілген алабайға қатысты да қалжыңдады.

"Тап қазір осы тақырыпты талқылап жатырмыз", - деді ол әзілмен.

Тағы оқыңыздар: 

ОҚО-да мектеп директоры беделді шенеунік әйелге өлең арнады (видео)

АІВА-ны шығынға батырған қытайлық президент қызметінен қуылды

ШҚО-да мешіттегі намаз оқу реті ұнамай қалған ер адамның басы дауға қалды

Жолкүре үшін жаңа туған сәбиін сатпақ болған ата-ана елді дүрліктірді

Ақтөбеде тентек оқушының кесірінен бүтіндей бір сынып сабаққа барудан бас тартып отыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1646764-munynh-bari-otirik-nazarbaevtynh-sochid.html