RU

Алматыда 50 қызды тақырға отырғызған жігіт ұсталды

Алматыда алаяқтық, қарақшылық шабуыл, жол апатын жасау (салдарынан адам өліміне әкеліп соққан) секілді бірнеше қылмыс жасады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Baq.kz Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

34 жастағы күдікті Алматы қаласында туған, алаяқтық бойынша сотталып шыққан. Ол былтырдан бері іздеуде жүріпті.

«Оның құрбаны көбінесе жас қыздар болған. Олармен танысып, көңілін аулаған. Сеніміне кіргеннен кейін, кездесудің бірінде бір жерге шұғыл барып келу керек екенін сылтау етіп, қыздың көлігін сұрап, мініп кетіп отырған. Содан қайтып оралмайтын болған. Не жігіт жоқ, не көлік жоқ. Алматы қаласы бойынша осындай 50 оқиға тіркелген», - деп хабарлайды Алматы қаласы ІІД криминалды полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин.

Криминалды полицияның хабарлауынша, ұсталған күдікті Түркия азаматына қарақшылық шабуыл жасап, 5 мың доллар ақшасын алып кеткені білгілі болды. Бұдан басқа тағы бір іске қатысы бары анықталды. Осы жылы мамыр айында ол 19 жастағы қызды қағып кеткен. Қыз қайтыс болған. Күдікті оқиға орнынан қашып кетіпті.

«Күдікті ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тағылған айыптар бойынша өзінің кінәсін мойындап отыр. Ұсталған күдіктінің заңсыз әрекеттерінің құрбаны болған барша азаматтан аумақ бойынша ІІД-ге хабарласуын сұраймыз», - деді Жанболат Зиадин.

Тағы оқыңыздар: 

ОҚО-да мектеп директоры беделді шенеунік әйелге өлең арнады (видео)

АІВА-ны шығынға батырған қытайлық президент қызметінен қуылды

ШҚО-да мешіттегі намаз оқу реті ұнамай қалған ер адамның басы дауға қалды

Жолкүре үшін жаңа туған сәбиін сатпақ болған ата-ана елді дүрліктірді

Ақтөбеде тентек оқушының кесірінен бүтіндей бір сынып сабаққа барудан бас тартып отыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1646832-almatyda-50-qyzdynh-konhilin-aulap-aldap.html