RU

Қырғызстанның экс-президенті: Атамбаев Назарбаевтың бабын табу керек

Қырғызстанмен шекарадағы мәселені шешу үшін президенттер деңгейінде келіссөз жүргізу керек. Осылай деп Қырғызстанның экс-президенті Роза Отынбаева мәлімдеді. Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

«Ең бастысы президент тарапынан бірінші қадам жасалуы тиіс. Президент өзінің жауапкершілігін сезінеді ме, біледі ме? Тіптен кешірім сұрамаған күннің өзінде, Қазақстан президентінің бабын табу керек», - деді Отынбаева екі ел шекарасында болып жатқан жағдайға қатысты.

Отынбаева бұл мәселе үкімет деңгейінде шешілмейді деп есептейді.

Қазақстанмен шекара мәселесі 10 қазанда қиындай түскен. Қырғызстанның шекара қызметінің мәліметіне қарағанда, Қазақстан шекара өткізу бекетін күшейткен.

Тағы оқыңыздар: 

ОҚО-да мектеп директоры беделді шенеунік әйелге өлең арнады (видео)

АІВА-ны шығынға батырған қытайлық президент қызметінен қуылды

ШҚО-да мешіттегі намаз оқу реті ұнамай қалған ер адамның басы дауға қалды

Жолкүре үшін жаңа туған сәбиін сатпақ болған ата-ана елді дүрліктірді

Ақтөбеде тентек оқушының кесірінен бүтіндей бір сынып сабаққа барудан бас тартып отыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1646852-qyrghyzstannynh-eks-prezidenti-keshiri.html