RU

Швейцарияда шалқып өмір сүріп жатқан Алматының бұрынғы әкімі тергеуге шақырылды

Жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюро Әблязовтың артынан енді оның құдасы Виктор Храпуновты да Астанаға ақпарат құралдары арқылы тергеуге шақырды. Швейцарияда шалқып өмір сүріп жатқан Алматының бұрынғы әкімі алдағы аптаның сейсенбісіне дейін тергеуге келу керек деп хабарлайды КТК арнасы.

Жемқорлықпен күрес ұлттық бюросының мәліметінше, тергеу барысында Храпуновтарға қарсы айтарлықтай дәлелдер тапқан. Олар Виктор мен Ләйла Храпуновтар, Айяр Ілиясов және олармен байланысқан басқа адамдардың қылмыстарын айғақтайды екен.

Олар ұйымдасқан қылмыстық топты құру, қызметін асыра пайдалану, мемлекеттік мүлік пен бюджет қаражатын жымқыру, мемлекет мүлкін заңдастыру сынды бірнеше қылмыстар бойынша айыпталып отыр. Іс материалдарына сәйкес, мемлекетке келтірілген шығын 300 миллион долларды құрайды.

Қашқын әкім қазір елден жырақ болғандықтан, тергеуге шақыру республикалық және Швейцариядағы Храпуновтар тұратын аумақтың жергілікті ақпарат құралдарында жарияланған.

Айта кетсек, бюро мұның алдында тағы бір қашқын олигарх Мұхтар Әблязовты да осылай шақыртқан болатын. Бірақ оның тергеушілерге төбе көрсетпегенін бәрі біледі.

Тағы оқыңыздар: 

ОҚО-да мектеп директоры беделді шенеунік әйелге өлең арнады (видео)

АІВА-ны шығынға батырған қытайлық президент қызметінен қуылды

ШҚО-да мешіттегі намаз оқу реті ұнамай қалған ер адамның басы дауға қалды

Жолкүре үшін жаңа туған сәбиін сатпақ болған ата-ана елді дүрліктірді

Ақтөбеде тентек оқушының кесірінен бүтіндей бір сынып сабаққа барудан бас тартып отыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1646900-shveycariyada-shalqyp-omir-surip-zhatqan.html