RU

Қарапайым адамдарға жол берген Моңғолия президентіне ел риза болды (фото)

Степь в Монголии
Фото: pixabay.com

Желіде жаяу жүргіншілер жолағында тоқтап тұрған Моңғолия президентінің кортежі қызу талқыға түсті деп жазады ARD.

Басылымның жазуынша, Моңғолияның жаңа президенті өзінің қарапайымдылығымен тағы да елді тәнті еткен.

Тіпті Халтмаагийн Баттулга елдің лауазымды тұлғалардың көлігін бірінші өткізу керек деген заңды өзгерткісі келгенге ұқсайды.

Еске сала кетейік, Халтмаагийн Баттулга өзіне тиесілі резиденцияда тұрудан бас тартып, жұмыс орнына жақын жердегі шағын үйге көшіп келген. Осылайша, ол 400 метр қашықтықта тұрған жұмыс орнына күнде жаяу барады.

Көшбасшы олигархтарға шетелдік шоттардағы ақшаларын офшорлық аймақтан елдің орталық банкіне ауыстыруға 49 тәулік уақыт беріп, байларды аяғынан тік тұрғызған еді.

Тағы оқыңыздар: 

ОҚО-да мектеп директоры беделді шенеунік әйелге өлең арнады (видео)

АІВА-ны шығынға батырған қытайлық президент қызметінен қуылды

ШҚО-да мешіттегі намаз оқу реті ұнамай қалған ер адамның басы дауға қалды

Жолкүре үшін жаңа туған сәбиін сатпақ болған ата-ана елді дүрліктірді

Ақтөбеде тентек оқушының кесірінен бүтіндей бір сынып сабаққа барудан бас тартып отыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1646985-qarapayym-adamdargha-zhol-bergen-monhgho.html