RU

Тараздағы құтқарушылардың жаттығуы жұртты шошытты

Еліміздің Төтенше жағдайлар комитеті ұйымдастырған Тараздағы оқу-жаттығу жергілікті тұрғындардың зәре-құтын қашырды деп хабарлайды КТК арнасы.

Жер сілкінісінен кейінгі құтқару операциясына осы сала мамандарының қаншалықты дайын екені тексеріліп жатқан шараны жұртшылық лаңкестікпен шатыстырып шуласты.

Бұқараның дүрлігуі орынды. Өйткені ешнәрседен хабары жоқ ел мынадай көріністерді көргенде не істерлерін білмей қатты састы. Бірақ мұның бәрі арнайы сценарий желісімен жүргізіліпті. Яғни жоспар бойынша Таразда қуаты 8 балға жетететін зілзала болады. Салдарынан ондаған көпқабатты үй мен өндіріс ошақтары және стратегиялық маңызы бар нысандар тас-талқан болған.

Осы қирандылардың арасынан мамандар адамдарды құтқаруы тиіс. Жапа шеккендерге олар қандай көмек көрсетеді, нендей әрекет қылады. Қол астындағылардың әр қадамын ІІМ орынбасарының өзі жіті бақылап отырды. Бірақ әзірге қандай баға бергені белгісіз. Таразда өткен оқу-жаттығуға еліміздің 14 өңірінен құтқарушылар келіп қатысты.

Тағы оқыңыздар: 

ОҚО-да мектеп директоры беделді шенеунік әйелге өлең арнады (видео)

АІВА-ны шығынға батырған қытайлық президент қызметінен қуылды

ШҚО-да мешіттегі намаз оқу реті ұнамай қалған ер адамның басы дауға қалды

Жолкүре үшін жаңа туған сәбиін сатпақ болған ата-ана елді дүрліктірді

Ақтөбеде тентек оқушының кесірінен бүтіндей бір сынып сабаққа барудан бас

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1647123-tarazdaghy-qutqarushylardynh-zhattyghuy.html