RU

Шымкенттік қарақшы Kaspi Bank бөлімшесін тонап кеткен

Шымкенттегі Kaspi Bank бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалды. Ұрлықшы оқиға орнынан ізін суытып үлгерген деп хабарлайды банктің Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Күдікті филиал ғимаратына кеше түнде басып кірген. Қызметкерлер бірден тәртіп сақшыларын шақырыпты. Сол уақытта ұрлықшы да қашып үлгерген.

«Клиенттер мен қызметкерлердің ешбірі зардап шеккен жоқ», - деп мәлімеді банктегілер.

Тергеу жұмыстары басталған. Қолды болған қаржы көлемі анықталып жатыр.

Банк қылмысқа қатысты қандай да бір дерек білетін адамдарды қауіпсіздік қызметінің мына нөмірлеріне қоңырау шалуды сұрады: 8 747 388 29 34.

Естеріңізге сала кетсек, 22 тамыз күні Талғардағы Каспий банк бөлімшесі тоналған болатын. Қарақшылар 40 миллион теңгені алып кеткен еді.

Тағы оқыңыздар:

Өмірбек Бабанов Қазақстаннан үлгі алатынын айтты

Тараздағы құтқарушылардың жаттығуы жұртты шошытты

Қырғызстан Қазақстанның гуманитарлық көмегінен бас тартты

Ақмола облысында шенеуніктерге алданған ел далада қаңғып қалғалы тұр

ШҚО-да мешіттегі намаз оқу реті ұнамай қалған ер адамның басы дауға қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1647148-shymkenttik-qaraqshy-kaspi-bank-bolimshesin-tona.html