RU

Қазақстан ғалымдары қартаюға қарсы жаңаша әдіс ойлап тапты

Отандық косметология мен медицина саласы тың технологиялармен толықты. Ұлттық биотехнология орталығының мамандары қартаюға қарсы дің жасушаларын қолданудың жаңаша әдісін ойлап тапқан деп хабарлайды 24.kz.

Бұған қоса ауруды алдын ала байқайтын да тәсіл бар. Жаңа ғылыми жобалар бизнес өкілдеріне таныстырылып, қолданысқа енгізу жолдары талқыланды.

Қазақстандық технология жерлестеріміздің әлдеқайда арзан әрі сапалы қызмет алуына септігін тигізеді дейді мамандар.

"Осындай күрделі технологиялар тек шетелде бар дегенге үйреніп қалғанбыз. Салдарынан жерлестеріміз шекара асып, қыруар қаржысын шашып келеді.

Енді бүгін ол жұмыстар отандық ғалымдардың да қолынан келетініне көз жетті. Болашақта осы жобаларды коммерцияландыру арқылы ғылым мен бизнестің арасын жақындатқымыз келеді", - дейді Ұлттық биотехнология орталығының бас директор Ерлан Раманқұлов.

Тағы оқыңыздар:

Өмірбек Бабанов Қазақстаннан үлгі алатынын айтты

Тараздағы құтқарушылардың жаттығуы жұртты шошытты

Қырғызстан Қазақстанның гуманитарлық көмегінен бас тартты

Ақмола облысында шенеуніктерге алданған ел далада қаңғып қалғалы тұр

ШҚО-да мешіттегі намаз оқу реті ұнамай қалған ер адамның басы дауға қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1647161-qazaqstan-ghalymdary-qartayugha-qarsy-zh.html