RU

Балта алып кірген: Шымкентегі Kaspi банкінен миллиондаған қаражатты қалай алып кетті?

Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД Шымкенттегі Kaspi bank бөлімшесіне жасалған шабуылға қатысы пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

"13 қазан күні сағат 19:40-та Шымкенттегі банктердің бірінде дабыл жүйесі іске қосылып, аз уақыттың ішінде оқиға орнына Әл-Фараби аудандық полиция бөлімшесінің тергеу-оперативті тобы оқиға орнына жетті", - деп хабарлады полициядағылар.

Банқ қызметкерлерінің айтуынша, ғимаратқа белгісіз ер адам кіріп келіп, жерге жарылғыш затқа ұқсас пакет тастаған. Осыдан соң ғимарат іші түтінге толған. Қарақшы болса, қызметкерлерді балтамен қорқытып, ақша талап еткен екен.

"Белгісіз ер адам 16 000 000 теңге, 23 000 АҚШ долларын және 85 000 ресей рублін алып кеткен. Дәл осы сәтте қызметкерлердің бірі дабыл кнопкасын басып үлгерген. Алайда күдікті оқиға орнынан қашып кеткен", - дейді баспасөз қызметі. 

Аталған дерек 192-бап 4 бөлімдегі "аса ірі көлемдегі қарақшылық" ретінде тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Ал полиция қызметкерлері күдіктінің кім екенін анықтау жөніндегі барлық іс-шараларды іске асыруда.

Еске салсақ, бөлімшеге қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы банктің баспасөз қызметі хабарлаған болатын.

Тағы оқыңыздар:

Өмірбек Бабанов Қазақстаннан үлгі алатынын айтты

Тараздағы құтқарушылардың жаттығуы жұртты шошытты

Қырғызстан Қазақстанның гуманитарлық көмегінен бас тартты

Ақмола облысында шенеуніктерге алданған ел далада қаңғып қалғалы тұр

ШҚО-да мешіттегі намаз оқу реті ұнамай қалған ер адамның басы дауға қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1647213-balta-alyp-kirgen-shymkentegi-kaspi-bankin.html