RU

Алматы көшелердің бірінен суықтан әбден тоңып қалған бір жасар сәби табылды (фото)

Алматыдағы Түрксіб ауданында кешкі сағат тоғызда қатты тоңып қалған бір жасар бала табылды деп хабарлайды patrul.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Баланы Спасская көшесінің бойынан 8 қазан күні сағат 21:30-да тауып алған. 

Оны №1 балалар клиникалық ауруханасына жеткізіп, гематологиялық бөлімшесіне жатқызған. Дәрігерлер баланы тексерістен өткізіп, оның аман сау екеніне көз жеткізген.

«Талдау нәтижелері бойынша оның ешқандай ауытқуы жоқ екені анықталды. Жақсы тамақтанады. Сөйлей алмайды. Бірақ барлығын түсінеді. Егер бұл баланы іздеп жүрген жандар болса, балалар ауруханасының гематология бөлімшесіне келіп, алып кетуіңізге болады", - дейді гематология бөлімшесінің аға медбикесі Маржан Мамаева.

Дәрігерлердің айтуынша, олар балаға барынша көңіл бөлуде. Алайда ол анасын сағынып, көздері мұңға толы екенін айтады.

Бала туралы қандай да бір ақпараты барларды дәрігерлер 8 (727) 276-74-02 нөміріне хабарласуын сұрайды.

Баланың ата-анасы немесе өзге де туыстарын Алматыдағы №1 клиникалық ауруханасына хабарласуды сұраймыз.

Фото: patrul.kz

Тағы оқыңыздар: 

Балта алып кірген: Шымкентегі Kaspi банкінен миллиондаған қаражатты қалай алып кетті?

Бас мүфти 16 жыл пәтер жалдап, жертөледе тұрған отбасыға үйдің кілтін табыс етті

Қырғызстан шекарасында 70 жастағы қазақстандық әжей қайтыс болды

16 жасында "қайтыс болған" шымкенттік жігіт тоғыз жылдан соң қайта тірілді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1647222-almatyda-bir-zhasar-balany-koshege-zhapa.html