RU

Атыраудағы мұнай зауытына апаратын жаңа айналмалы теміржол пайдалануға берілді

«РТИ-АНПЗ» ЖШС-і «Промышленная» станциясын және «Теңдік» станциясынан Атырау мұнай өңдеу зауытына дейін созылып жатқан айналмалы темір жолды пайдалануға берді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Бүгін танертең Атырау қаласында облысы әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаевтың қатысуымен «РТИ-АНПЗ» ЖШС-нің қарамағындағы «Промышленная» станциясы және «Теңдік» станциясынан  Атырау мұнай өңдеу зауытына дейін созылған  айналмалы темір жол пайдалануға беріліп, салтанатты іс-шара өтті. Су жаңа темір жолдардың ашылуы – еңбек ері және құрметті темір жол қызметкері Сапуан Ғұмарұлы Ғұмардың  алғашқы темір жол қоңырауын ұрудан бастау алды.

Айналмалы темір жолдың іске қосылуы – Атырау қаласының экологиялық мәселелерін ұтымды шешіп, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етті. Қазіргі таңда аймақ үшін қауіп төндірген экологиялық зардаптардың түйіні де артта қалды.  Сонымен қатар, аталмыш жоба үлкен синергетикалық әсерін тигізіп, 367 жаңа жұмыс орны пайда болды.

Инвестициясы 28,3 миллиардтты құраған «РТИ-АНПЗ»  ЖШС-нің аталмыш жобасы тікелей Halyk Bank-тің қаржылық қодауымен жүзеге асты. Құрылтайшылары  «PETROLEUM» ЖШС-і (70% бөлігі) және  «Атырау МӨЗ» ЖШС-і (30% бөлігі) болып табылады. Аталмыш жоба жеке меншік, мемлекеттік секторлар және жалпы аймақ үшін пайдалы инфрақұрылым құрып, әлеуметтік-экономикалық даму  жетістіктері, аймақтың қауіпсіздігі үшін айтарлықтай оң өзгерістер енгізіп, бүкіл Атырау қаласынан тасымалданатын мұнай өнімдерінің кедергілерін ойдағыдай шешті.

Атырау мұнай өңдеу зауыты көлік  инфрақұрылымын дамыту жобасы аясында іске асырылатын 24 нысанды өз қарамағына алады. Мысалы: 40 км-ді құрайтын  темір жолдар, өзіндік инфрақұрылымымен жабдықталған жеке сұрыптау станциясы, жұмысшылардың жылынуын қамтамасыз ететін пункт, маневрлік посттар мен басқа да ауқымды нысандар – ірі инвестициялық жобаның тек бір бөлігі болып саналады.

Сондай-ақ, Атырау мұнай өңдеу зауыты - жаңа станциялар мен жолдарды және бірқатар нысандарды іске қосуы – аймақтың экологиялық тазалығы үшін орасан зор рөль атқарып, өлкенің өркендеуіңе жаңа тыныс алып келді. Экологтар темір  жолдағы ауаның көп мөлшерде ластануыңа байланысты алаңдаушылық танытып, күрделі мәселе көтерілген болатын. Жарылыс қауіпін төндіретін мұнай өнімдері мен улы компоненттер - жергілікті тұрғындардың денсаулығы мен тұрғын үйлерге, коммерциялық және муниципалдық нысандарға қауіп төндірді.

Жоба көрсеткіші бойынша, жаңа станцияның жүк айналымы  1,5 есеге артып, бүгінде  күн сайын 300 вагонды қамтамасыз етеді. Күнделікті орташа есеппен мұнай өнімдерін жөнелту ауқымы  17,5 мың тоннаны құрайды. Бұл көрсеткіш мұнай өндіруді жылыңа 5,5 млн.тоннаға дейін жеткізуге болатынын дәлелдейді.

Анықтамалар:

- «РТИ-АНПЗ»  ЖШС «PETROLEUM» ЖШС (70% бөлігі) мен «Атырау МӨЗ» ЖШС-нің (30% бөлігі) еншілес компаниясы болып табылады. 2014 жылы инвестициялық комитет «ҚазМұнайГаз»  АҚ-ның шешімімен құрылды. 2002 жылдың 20 ақпанында негізі қаланды;

«PETROLEUM» ЖШС – мұнай және газ секторындағы логистикалық қызметтердің толық спектрін ұсынатын темір жол саласындағы Қазақстан Республикасының экспедиторлық топтарының бірі;

«Атырау МӨЗ» ЖШС - АҚШ-тан «ленд-лиз» бойынша жеткізілген жабдықтар жиынтығының негізінде Ұлы Отан соғысы жылдарында екі жыл мерзім ішінде салынған, пайдалануға 1945 жылдың қыркүйегінде берілген Қазақстан Республикасының мұнайды өңдеу саласының тұңғышы. ҚМГ – ӨМ-ға АМӨЗ ЖШС-дағы 99,53% қатысу үлесі тиесілі болып келеді.

* PR құқында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1647261-atyraudaghy-munay-zauytyna-aparatyn-zh.html