RU

Банктен миллиондарды ұрлаған қарақшылар қаражаттың жартысын жұмсап тастаған

Түркістанда банк терминалынан 4 миллионға жуық ақшаны алып кетуі мүмкін күдіктілер ұсталды деп хабарлайды otyrar.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

8 қыркүйек күні Түркістандағы банк терминалынан белгісіз біреулер миллиондаған ақшаны ұрлап әкеткен болатын. Бұл іс бойынша "аса ірі көлемдегі қарақшылық" бабымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып кеткен болатын.

Қылмысты ашу барысында полиция басқармасындағылар арнайы топ құрып, нәтижесінде тәртіп сақшылары екі күдікті азаматты құрықтады. Олардың бірі Кентау қаласының 1970 жылғы тұрғыны болса, екіншісі Түркістан қаласының 1988 жылы туған азаматы. 47 жастағы азамат банкте күзетші болып жұмыс істеген.

Дәлел ретінде олардан табылған 2 000 000 теңге болған. Күдіктілер өз қылмысын мойындап, қамауға алынды. Олар 4 миллионның жартысын жұмсап үлгерген.

Тағы оқыңыздар:

Өмірбек Бабанов Қазақстаннан үлгі алатынын айтты

Тараздағы құтқарушылардың жаттығуы жұртты шошытты

Қырғызстан Қазақстанның гуманитарлық көмегінен бас тартты

Ақмола облысында шенеуніктерге алданған ел далада қаңғып қалғалы тұр

ШҚО-да мешіттегі намаз оқу реті ұнамай қалған ер адамның басы дауға қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1647301-bankten-milliondardy-urlaghan-qaraqsh.html