RU

Атырауда "Қазавтожолдың" бөлім басшысы 73 мың долларға тең парамен ұсталды

Атырауда "Қазавтожол ҰҚ" акционерлік қоғамының бөлім басшысы 73 300 доллар пара алғаны үшін ұсталды деп хабарлайды облыс прокуроры Ернат Сыбанқұловтың берген мәліметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

13 қазан күні ҰҚҚ-не бопсалау туралы ақпарат келіп түскен соң, бөлім басшысы тұтқындалған.

Мұндай ақпаратты ұсынған адам "Қазавтожол" ұлттық компаниясының басшылығында отырғандардың бірі олардың тендер ұтып алған компаниясын қамқорлығына алуы үшін біршама қаражат сұрағанын айтқан.

«Облыстық прокуратура тез арада тергеу шараларын жүргізіп, нәтижесінде аталған деректер расталған. Делдал арқылы мердігерлік компанияға атқарылған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін 73 300 АҚШ долларына тең ірі көлемдегі пара алып жатқан жерінен "Қазавтожол" Ұлттық компаниясының бөлім басшысы ұсталды", - деп хабарлады Сыданқұлов.

Оның айтуынша, ұлттық компания қызметкерлері тарапынан орын алған бопсалау әрекеті мердігерлер құжаттарына қол қоюдан соң басталған.

Ұсталған азамат Атыраудағы уақытша қамау изоляторына қамалды.

"Пара алу дерегі" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Прокуратура, өз кезегінде, іс бойынша жүргізілетін тергеу жұмыстарын қадағалайтын болады.

Тағы оқыңыздар:

Өмірбек Бабанов Қазақстаннан үлгі алатынын айтты

Тараздағы құтқарушылардың жаттығуы жұртты шошытты

Қырғызстан Қазақстанның гуманитарлық көмегінен бас тартты

Ақмола облысында шенеуніктерге алданған ел далада қаңғып қалғалы тұр

ШҚО-да мешіттегі намаз оқу реті ұнамай қалған ер адамның басы дауға қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1647349-atyrauda-qazavtozholdynh-bolim-basshys.html