RU

Дәурен Абаев қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайға қатысты пікір білдірді

Осы аптада Қазақстан мемлекеттік шекарасының бүкіл периметрін бақылау күшейтілді. Бірақ Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың сөзінен кейін БАҚ қазақ-қырғыз шекарасын ерекше назарға алды. Бұл туралы ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Вnews.kz порталына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Жоспарланған жұмыс жүріп жатыр. Қазақстанның мемлекеттік шекарасының бүкіл периметрі бойынша бақылау күшейтілді. Атамбаевтың сөзінен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ-қырғыз шекарасындағы учаскеге баса назар аударылуда. Менің білуімше, президенттік сайлауға байланысты осыған ұқсас шаралар басқа да іргелес мемлекеттер тарапынан қолға алынып жатыр», - деді министр.

Дәурен Абаевтың айтуынша, Қырғызстанмен шекарада Қазақстанның шекара қызметі адамдарды, көлік құралдарын, жүк және тауарларды тексеруді күшейткен. Алайда шекарадан өтуге ешқандай шектеулер немесе тыйымдар болмаған.

«Тек соңғы 3 күнде қырғыз тасымалдаушылары көлік және шекара заңнамасын көптеп бұзған. 447 көлік құралы тексеріліп, 78 автокөліктен өрескел заң бұзушылық анықталған. Салмағы мен көлемі талаптарға сай келмеуі, каботажды тасымалдау, қазақстандық рұқсат бланкілерінің болмауы және тағы басқа.

Сондай-ақ тұрақты жолаушылар тасымалына рұқсат болмағаны үшін жеті жолаушы автобусы айып тұрағына қойылды. Жоғарыда аталған құқық бұзушылықтар үшін 3 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды», - деді министр.

Фитосанитарлық бақылау күшейтілгеннен бастап бес құқық бұзушылық анықталған. Салмағы 25 тонна болатын өнім кері қайтарылды және 68 мың теңге айыппұл салынды, деді Дәурен Абаев.

Естеріңізге сала кетейік, ҰҚК Қырғызстанмен шекарада қауіпсіздік шаралары күшейтілгенін мәлімдеген еді. Сонымен қатар ҚР ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекараның барлық периметрінде, оның ішінде қазақ-қырғыз учаскесінде жоспарлы шекара операциясын жүргізіп жатқанын айтқан болатын. Қырғызстанның шекара қызметі қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды түсіндірді.

Тағы оқыңыздар:

Өмірбек Бабанов Қазақстаннан үлгі алатынын айтты

Тараздағы құтқарушылардың жаттығуы жұртты шошытты

Қырғызстан Қазақстанның гуманитарлық көмегінен бас тартты

Ақмола облысында шенеуніктерге алданған ел далада қаңғып қалғалы тұр

ШҚО-да мешіттегі намаз оқу реті ұнамай қалған ер адамның басы дауға қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1647399-dauren-abaev-qazaq-qyrghyz-shekarasynd.html