RU

Белгісіз жағдайда жоғалып кеткен қостанайлық бизнесмен өлі күйінде табылды

Қостанай облысында бір апта бұрын жоғалып кеткен бизнесмен өлі күйінде табылды деп хабарлайды «Костанайские новости» басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Александр Коржавин есімді кәсіпкер 8 қазан күні Қарасор көліне қарай аң аулау мақсатында жол тартқан. Алайда одан кейін оны ешкім көрмеген. Кәсіпкер із-түзсіз жоғалып кеткен.

Оны бір апта бойы құтқарушылар, сүңгуірлер мен еріктілер іздеген.

Бүгін ТЖ қызметкерлері Александр Коржавиннің мәйітін суқойма маңынан тауып алған.

Оқиғаның мән - жайы толық хабарланбады.

Тағы оқыңыздар:

Өмірбек Бабанов Қазақстаннан үлгі алатынын айтты

Тараздағы құтқарушылардың жаттығуы жұртты шошытты

Қырғызстан Қазақстанның гуманитарлық көмегінен бас тартты

Ақмола облысында шенеуніктерге алданған ел далада қаңғып қалғалы тұр

ШҚО-да мешіттегі намаз оқу реті ұнамай қалған ер адамның басы дауға қалды

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1647403-belgisiz-zhaghdayda-zhoghalyp-ketken-qos.html