RU

Алла алдында ант берген әйел жетінші рет мүгедек бала асырап алды (фото)

Дағыстан елінде тұратын Мадинат Шахбулатова есімді мұсылман әйелі осымен жетінші мүгедек баланы өз асырауына алып отыр деп жазады muslim.kz.

Астрахань қаласындағы «Малышок» ата-анасыз қалған балаларға көмек көрсету орталығында тұрып келген Анастасия енді өзінің алты құрбысымен бірге бақытты өмір кешетін болмақ.

Мадинат Шахбулатованың бұған дейін асырап алған алты перзенті де осы орталықтың тәрбиеленушілері болған екен. Анастасиямен жақсы дос болып кеткен олар оның өздерімен бірге тұрғанын қалайтынын айтып, өтініш білдірген.

Айта кетейік, Мадинат Шахбулатова ақыл-ойы мен дене дамуында кемістігі бар сәбилерді асырап алуды былтырғы жылдан бастаған. Дәл осы жылы ол ауыр хәлде жатқан туған ұлының дәм-тұзы ұзарып, сауығып кетер болса, науқас балаларға барынша көмек көрсетуге уәде берген екен.

Махачкаладағы Киров ауданындағы «Асырап алу және қамқорлық» бөлімінің төрағасы Ума Мусаеваның айтуынша, аталмыш жанұяда балаларға қажетті барлық жағдай жасалған.

Тағы оқыңыздар: 

Ауыр хәлдегі қостанайлық кейуана діни көзқарасына байланысты қан құйғызудан бас тартып отыр

Қолдары да, аяқтары жоқ оралдық жігіттің өмірге деген құштарлығы елді тәнті етті (фото)

Ақтөбеде екі баласын айдалаға тастап кеткен келіншек туралы жаңа дерек шықты

Белгісіз жағдайда жоғалып кеткен қостанайлық бизнесмен өлі күйінде табылды

Атырауда "Қазавтожолдың" бөлім басшысы 73 мың долларға тең парамен ұсталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1647502-alla-aldynda-ant-bergen-ayel-zhetinshi-r.html