RU

Астрахандық қазақ қызы сұлулығымен желідегілердің ықыласына бөленді (видео)

Ресейлік саяхатшы-блогер Радик Айбашев Астрахань қаласында кездейсоқ қазақтың сұлу қызын көріп қалып ғаламтор "жұлдызына" айналдырды.

Блогердің  Youtube-каналында "Астрахандық сұлу қазақ қызы" деген атаумен видео шыққаны сол еді, роликті бір айдың ішінде 320 мыңнан астам адам қарап, пікірлерін жаудырған.

Радиктің жазуынша, түрлі сауалына тайсалмай жауап берген Лаура оған бірден ұнап қалған.

"Оның жақсы әрі жауапты қыз екені көрініп тұр. Лаураны білетін адамдар болса, менің оқырмандарымның атынан алғыс айтуды өтінем. Елдің барлығы менен Лаураны қайдан табуға болатынын сұрап жатыр. Алайда мен оны қайдан кездестіргенімде ешкімге айтпаймын. Оны алып қашқысы келетін адамдар көп. Мен ол үшін алаңдай бастадым. Сондықтан Лаураға айтыңыз, пікірлердің астына тұрмыста екенін жазып, елдің көңілін бассын", - дейді видео авторы.

Өзге де басылымдардың жазуынша, сұлу қазақ қызы McDonalds дәмханалар желісінде жұмыс істейді екен.

Тағы оқыңыздар: 

Ауыр хәлдегі қостанайлық кейуана діни көзқарасына байланысты қан құйғызудан бас тартып отыр

Қолдары да, аяқтары жоқ оралдық жігіттің өмірге деген құштарлығы елді тәнті етті (фото)

Алла алдында ант берген әйел жетінші рет мүгедек бала асырап алды (фото)

Таққа талас: Қырғызстанда президенттік сайлау басталды

Адасқан ақтөбелік жігіт жат ағымның жетегінен қалай шыққанын баяндады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1647568-astrakhandyq-qazaq-qyzy-sululyghymen-zh.html