RU

Шымкенттік полицейлер педофилді жер-көктен іздестіруде

Шымкенттік полицейлер кәмелеттік жасқа толмаған екі балаға азғындық әрекет жасады деген күдікпен шамамен 19-20 жастағы педофилге іздеу салды деп хабарлайды "Отырар TV"-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

ОҚО ІІД-нің мәліметінше Шымкенттің екі тұрғыны полицияға кішкентай балаларына белгісіз ер адамның азғындық әрекеттер жасағанын айтып, арыз түсірген.

Ер адам шамамен 19-20 жаста.

"Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 124-бабы бойынша ("Кәмелет жасына толмағандарға азғындық жасау") сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді", - деп хабарлады  ОҚО ІІД Тіл және ақпарат басқармасының басшысы Салтанат Қаракөзова.

Қазір педофилді іздестіру үшін полицияда жедел топ құрылған. Осы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Күдіктінің фотороботы Шымкенттені полиция бөлімшелерінің барлығына ілінген.

Тағы оқыңыздар: 

Ауыр хәлдегі қостанайлық кейуана діни көзқарасына байланысты қан құйғызудан бас тартып отыр

Қолдары да, аяқтары жоқ оралдық жігіттің өмірге деген құштарлығы елді тәнті етті (фото)

Алла алдында ант берген әйел жетінші рет мүгедек бала асырап алды (фото)

Таққа талас: Қырғызстанда президенттік сайлау басталды

Адасқан ақтөбелік жігіт жат ағымның жетегінен қалай шыққанын баяндады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1647594-shymkenttik-policeyler-pedofildi-zher.html