RU

Қырғызстанда сайлау кезінде жаппай тәртіпсіздік жасамақшы болған экс-депутат ұсталды

Қырғызстанда экс-депутат 15 қазандағы президент сайлауының қорытындысынан кейін, елде жаппай тәртіпсіздік орнатып, әкімшілік ғимараттарды басып алуды жоспарлады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан хабарлайды.

"Бұған дейін жарылғыш заттарды және қару-жарақты заңсыз сақтау және оларды өзімен алып жүруге қатысты сотты болған Жоғарғы кеңестің экс-депутаты К.Шайымбетов, қылмыстық топпен алдын ала сөз байланысып, үміткерлердің бірі президенттікке өтпеген жағдайда, президенттік сайлау кезінде және оның қорытындысы жарияланған соң да жаппай тәртіпсіздікке жол беруге дайындық жасаған", — делінген хабарламада.

Мекеменің берген мәліметтеріне сәйкес, Шайымбетов және оның жақтастары өздерінің қылмыстық әрекеттерін жүзеге асыру және Қырғызстанның мемлекеттік органдарының әкімшілік ғимараттарын басып алу мақсатында соңғы күндері қару-жарақ пен оқ дәрілерді іздестіруді қолға алған.

Күдіктілер ұсталып, ҚР МҰҚК жеткізілді.

"2017 жылы 14 қазан күні Шайымбетов және басқа да адамдарға қатысты Қырғызстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 27-бабына, 233-бабының 1-бөліміне (жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру), 295-бабы (билікті күшпен басып алуға дайындық жасау), 241-бабының 2-бөліміне (қару-жарақтар мен жарылғыш заттарды заңсыз иелену, сақтау және өзімен бірге алып жүру) сәйкес қылмыстық іс қозғалды", — деп хабарланды сайтта.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тағы оқыңыздар: 

Ауыр хәлдегі қостанайлық кейуана діни көзқарасына байланысты қан құйғызудан бас тартып отыр

Қолдары да, аяқтары жоқ оралдық жігіттің өмірге деген құштарлығы елді тәнті етті (фото)

Алла алдында ант берген әйел жетінші рет мүгедек бала асырап алды (фото)

Таққа талас: Қырғызстанда президенттік сайлау басталды

Адасқан ақтөбелік жігіт жат ағымның жетегінен қалай шыққанын баяндады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1647599-qyrghyzstanda-prezident-saylauy-kezi.html