RU

Тойға барған қонақ гүл үшін "төбелесуге дайын тұрған" қыздардың қылығына күйінді

Бүгінде қазақ тойында сорақы әрекеттер мен қызықты жайттар көп орын алып жатады. Оны тойға барған қауым айтып та, жазып та жүр. Сондай жанның бірі өзі қонақ болып барып, куә болған оқиғаны баяндады деп жазады "Сыр бойы" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Жақында ағайынның қуанышына ортақтасып, тойына бардық. Зәулім тойхана. Сәні келісіп, түрлі-түсті безендірілген. Ағамыз бен жеңгеміз барын салып, тойға келген қонақтарды күтіп, тиісті орындарына жайғастырып жүр.

Көп ұзамай салтымен, жас жұбайлар әнімен ортаға басты кейіпкерлер де шықты. Той төрінен орын берілді. Бәрі де ретімен өтіп жатты. Асаба жастарға той тортын кестіріп, ата-анасына үлестірді. Мұнан кейін қалыңдықты жалғыз ортаға шығарды. Сонымен асаба залда отырған бойдақ қыздарды шақыра бастады. Әдемі қазақ қыздары, бірінен бірі өткен сұлу. Бұрымдары да ұзын екен.

Қалыңдықтың қасына жиналғаннан кейін асаба қыздарға гүлді қағу рәсімі болатынын айтты. Содан әлгі сыпайылықты сақтап, сызылып тұрған аруларымыз дайындала бастады. Қалыңдық артқа қарап қолына ұстаған гүлін лақтырғаны сол еді, әлгі қыздар бірін-бірі соғып, көкке көтерілген гүлге таласты. Тіпті, төбелесуге дайын тұр.

Құлап-жығылып жүріп, бір бойжеткен қағып алды. Бақыттан жүзі балбұл жанған. Тойхананың сыртында ақ боз атты ханзадасы күтіп тұрғандай. Үлкендер жағы жақтырмай қарады. Расымен, сырт көзге оғаш көрінеді. Қазақ қыздарына мүлдем жат қылық", - дейді ол.

Бұндай көріністерді әлеуметтік желілерде ғана байқаған автор "гүлге таласқан қыздардың қылығы" шынайы өмірде тіпті, ұят көрінетінін айтады.

"Сол қағылған гүл шынымен сәттілік әкеліп, аруымыз көп ұзамай тұрмысқа шығып кетеді ме? Бір сіңілім сондай гүлдің төртеуін қағып, жасы жиырма бестен асып әлі жүр", - деген автор бұны бос сенімге теңеді.

"Осы ретте батыр атамыз Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова апамыздың «Қазақы салтымызға жат дүниені қолдан жасап не керегі бар? Сол гүлдің орнына қыздарымыз бұрыннан келе жатқан үкіні неге таратпасқа?!» деген ойын айтқаны есімде қалыпты. Расында, жақсы дүние. Ой салады. Гүл лақтырып, жалған сенімнің жетегінде жүргенше, ескіден келе жатқан дәстүрді қайта түлеткен дұрыс секілді.  Бір жағынан аруларымыз гүлге таласып, әдепсіз қылыққа бармас еді", - деп ойын түйіндейді мақала авторы.

Тағы оқыңыздар: 

Шымкенттік полицейлер педофилді жер-көктен іздестіруде

Астрахандық қазақ қызы сұлулығымен желідегілердің ықыласына бөленді (видео)

Қырғызстанда сайлау кезінде жаппай тәртіпсіздік жасамақшы болған экс-депутат ұсталды

Алла алдында ант берген әйел жетінші рет мүгедек бала асырап алды (фото)

Адасқан ақтөбелік жігіт жат ағымның жетегінен қалай шыққанын баяндады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1647638-toygha-barghan-qonaq-gulge-talasqan-qyz.html