RU

Атамбаев президенттіктен кейін немен айналысатынын айтты

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев сайлаудан кейін немен айналысатынын мәлімдеді. Кеше сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасаған мемлекет басшысы журналистермен кездесіп, сауалдарына жауап берді деп хаьбарлайды sn.kz.

Атамбаевтың елдегі осы сайлаудан кейін қызметінен кететіні белгілі. Ол үлкен саяси қызметке қайта оралмайтынын айтып отыр.

"Саясат пен шығармашылық қатар жүретін ұғым, егер саяси қызметте жүрмесең бір-біріне кедергі келтірмейді. Бірақ, мен қандай да бір мемлекеттік қызметке барғалы жатқан жоқпын. Президент, премьер-министр болмаймын, уайымдамаңыздар. Мен бұған дейін 30 жыл бойы саясатпен айналыстым, қызметім өлең жазумен, проза жазумен, ән шығарумен айналысуыма кедергісін келтірген жоқ. Бірақ, сен саясатпен айналыспасаң, саясат сенімен айналысады", - деді Атамбаев журналистермен болған әңгімесінде.

Ол сондай-ақ, Қырғызстанның өзге президенттері секілді елден қашып кетпейтінін айтты.

"Мен өз әрекеттерімнен ұялмаймын, қорықпаймын. Әр ісіме, әр сөзіме жауап бере аламын. Сондықтан мен Қырғызстанда қаламын, ешқайда кетпеймін. Тығылмаймын, халық алдында да, құдай алдында да жауап беруге дайынмын", - деді қырғыз елінің президенті.

Тағы оқыңыздар: 

Қырғызстанда президенттік сайлауда Сооронбай Жээнбеков жеңіске жетті

Қырғызстанда сайлау кезінде жаппай тәртіпсіздік жасамақшы болған экс-депутат ұсталды

Шымкенттің шенеуніктері бір-бірімен жарыса жүгірді (фото)

Қоржынды сандықтап әкелген шымкенттік құдалар елді тағы да таңғалдырды (видео)

Астрахандық қазақ қызы сұлулығымен желідегілердің ықыласына бөленді (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1647845-atambaev-prezidenttikten-keyin-neme.html