RU

Қырғызстандағы жаңа басшының қызы сұлулығымен елді таңғалдырды (фото)

Қырғызстанның жаңа президенті болып сайланған ҚСДП өкілі Сооронбай Жээнбеков осы уақытқа дейін елге несімен танымал болған және оның туыстары кім? Бұл туралы Kaktus.media сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы оқырмандарға толық ақпаратты ұсынады.

Сооранбай Жээнбековтың әйелі мен туыстары туралы не білеміз?

Ош облысы Қарақұлжа ауданының тумасы Жээнбеков бүгінде 58 жаста. 1976 жылы орыс тілі мұғалімі болып қызмет атқарған. Оның саяси мансабы 1996 жылдан басталған. Үш рет депутат, сонымен бірге ауылшаруашылығы министрі қызметін атқарып, 2010 жылдан соң ол Ош облысына басшылық еткен. Мемлекеттік кадр қызметінің басшысы, президент аппаратының жетекшісі болған. 2016 жылғы сәуір айынан үкімет басшысы болып қызмет атқарып келген. Сайлау кезінде ол өз кандидатурасын президенттікке ұсынды.

Жээнбековтің жұбайының есімі - Айгүл.

Оның мамандығы туралы еш ақпарат жоқ. Олардың бір ұл, бір қызы бар. Қызы - студент.

Қызы былтыр танымал депутат Алиярбек Аджалиевтің ұлы Атабекке тұрмысқа шыққан. Жээнебеков өз отбасын елге көп көрсете бермейді. Әлиасқар есімді бір немересі бар екені белгілі.

"Sputnik Кыргызстан" агенттігі Жээнеков туралы 10 деректі назарға ұсынады: 

1. Ол "Алладан басқа ешкімге сенбейтінін" айтқан.

2. Ол мансабын мектепте мұғалім болып бастаған.

3. Ол Қырғыз ССР-і Жоғары кеңесі төрағасы және Қырғыз ССР коммунистік партиясы орталық комитетінің төрағасы, саясаткер Әбсәмат Масалиевті өз идеалы санайды.

4. Ол он балалы отбасында дүниеге келген. Оның ағаларының барлығы елге еңбек сіңірген тұлғалар. Бірі Жалал-Абад экономика және кәсіпкерлік университетінің президенті, профессор, ғылым докторы болса, екінші, Жүсіпбек есімді ағасы Кувейте елшілікте қызмет атқарады. Асылбек есімді тағы бір бауыры парламент спикері болған. Аз уақыт бұрын қайтыс болған Искендер Жээнбеков 28 жасында Ош облысының прокуроры атанған белді маман ретінде танымал.

5. 2010 жылғы 7 сәуір күні болған елдің жаппай митингі кезінде ағайындылар мансабы мен өмірін қатерге тігіп, Оштағы митингіге қатысқан.

6. Сооронбай Жээнбеков Жоғарғы кеңес депутаты ретінде де бірнеше мәрте сайланған. Халық қалаулылары жиналысында аграрлық мәселелер жөніндегі комитетке басшылық еткен.

7. Ол өз отбасынан елге көрсетуден қашады. Аға-інілерінен бөлек, оның екі әпкесі бар.

8. 2016 жылғы сәуір айында Жээнбековті Министрлер кабинетінің басшысы қызметіне тағайындар алдында, ол "премьер-министр болу түсіне де кірмегенін" мәлімдеген болатын.

9. Ауыл шаруашылығы министрі болған кезінде ол шаруаларға үкіметке сенбей, өз күшіне иек арту керектігін айтып, ескерткен.

1о. Оның Мемлекеттік сәулет және құрылыс агенттігі директорының орынбасары Алмазбек Әбдіқадірге айтқан "Чык эшикке!"  (ред. - "Жоғалт көзіңді"!)  деген сөзі ел назарын өзіне аударып, әлеуметтік желілерде түрлі карикатуралардың пайда болуына себеп болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1647907-qyrghyzstandaghy-zhanha-basshynynh-qyzy-su.html