RU

Бүгін Қазақстанға метеорит құлайтыны рас па?

Фесенков атындағы астрофизикалық институттағы Ай мен планеталар физикасы зертханасының жетекшісі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Виктор Тейфель бірқатар БАҚ-та жарық көрген Қазақстан мен Ресейге төнген метеорит қаупі туралы америкалық ғарыш агенттігінің (НАСА) ескертуіне пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Хабарламада НАСА спутниктерінен түскен ақпаратқа сәйкес, «жақын күндері Ресей мен Қазақстан аумағына екі ірі аспан денесі түседі. 16 қазан күні MS26-45 сериялы метеориттер Жердің гравитациялық өрісіне жетеді және олар стратосферада жанып үлгерсе, бір бөлігі 17 қазанға қараған түні Ресей аумағына құлайды. Кейбір сынықтары Қазақстанға да жетуі мүмкін және елсіз аймаққа түсуі мүмкін».

«Сол себепті бізде нақты, сенімді ақпарат жоқ. Бүгін Жерге ғарыштан келетін қауіп-қатерлер туралы ақпараттар үнемі жаңартылып отыратын «Космическая погода» сайтын қарадым, бұл туралы еш дерек жоқ», - деп жауап берді Фесенков атындағы астрофизикалық институттағы Ай мен планеталар физикасы зертханасының жетекшісі, физика-математика ғылымдарының докторы, професстор Виктор Тейфель.

Профессор метеориттер туралы мұндай ақпараттың спутниктерден түскеніне күмән келтірді.

«Хабарламада астероидтар емес, метеориттер туралы айтылғандықтан, Жерге айтарлықтай апат келмейді. Меніңше, мұның барлығы ойдан шығарылған. НАСА-дан қандай да бір ақпарат келіп түскен шығар, бірақ бұқаралық ақпарат құралдары сенсация ретінде таратып жіберді. Соңғы кездері мұндай оқиғалар жиі кездесіп жүр», - деп профессор Тейфель.

Тағы оқыңыздар: 

Қырғызстанда президенттік сайлауда Сооронбай Жээнбеков жеңіске жетті

Қырғызстанда сайлау кезінде жаппай тәртіпсіздік жасамақшы болған экс-депутат ұсталды

Шымкенттің шенеуніктері бір-бірімен жарыса жүгірді (фото)

Қоржынды сандықтап әкелген шымкенттік құдалар елді тағы да таңғалдырды (видео)

Астрахандық қазақ қызы сұлулығымен желідегілердің ықыласына бөленді (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1647937-bugin-qazaqstangha-meteorit-qulaytyn.html