RU

NUR.KZ порталы аймақтардан тілшілер іздейді

Еліміздегі ең танымал және оқырман саны бойынша көшбасшы саналатын NUR.KZ интернет-порталының қазақтілді редакциясы аймақтардан тілшілер іздейді.

Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Қарағанды, Павлодар және Жамбыл облыстарындағы журналистерді фриланс  негізінде жұмыс істеуге шақырамыз. Түйіндемелеріңізді editor@nur.corp.kz поштасына, "Қазақ редакциясына" деген тақырыппен жолдауды өтінеміз.

Ізденушілерге қойылатын талаптар:

- Журналистік арнайы білім (жұмыс тәжірибеңіз ұзақ болса, міндетті емес);

- Жаңалықтар қызметінде 2 жылдан кем емес еңбек тәжірибесі;

Сондай-ақ, түйіндемеңізбен қоса NUR.KZ оқырмандарына қызықты, оқылым санынан жоғары көрсеткіштер жинай алатын 10 тақырып жолдауды сұраймыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1647977-nur-kz-portaly-aymaqtardan-tilshiler-izdey.html