RU

ОҚО-да арақ пен темекіні мүлде сатпайтын ауыл көпшілікке үлгі болуда (фото)

ОҚО-ның Ордабасы ауданына қарасты Жусансай ауылының дүкен­дерінде арақ пен темекі мүлдем сатылмайды. Елді мекенде ішімдік сатуды қа­лай қойдырғанын ауыл биі Әб­ду­ә­лі Еркінбек­ұлы Замана басылымына айтып берді еп жазады NUR. KZ.

«Арақ – атамыздан қалған ас емес. Барлық жамандық атаулы мен қылмыстың арақтан бас­талатыны белгілі. Оның денсаулыққа да зияны көп. Осы жағын ойлана келе, біраз қариялар мен мешіттегі жамағат ақылдасып, дүкендерде арақ пен темекі сатылмасын деп бастама көтердік. Ондағы мақсатымыз – салауатты өмір салтын ұстанып, жас­тардың бойына имандылық ұялату болатын. Мұны ауыл тұрғындары бір­ауыздан қолдады. Өз басым сөзімізді жерге тастамағаны үшін дүкен иелеріне ризамын. Ауылда ішетіндер жоқ деп өтірік көлгірсімей-ақ қояйын, әлі де бар. Бірақ бұ­рынғыға қарағанда әлдеқайда азайып қалған. Шынын айту керек, арақты қоя алмай жүрген кешегі кеңестік дәуірде туып-өскендер. Ал кейінгі жастар арасында арақ ішетіндер мүлдем жоқ. Той-томалақты да арақсыз өткі­зіп жатқан үйлер бар», - дейді қария.

Әбдуәлі Еркінбекұлы ауыл биі болғандықтан, кей мәсе­ле­лерді сотқа жеткізбей ше­шіп отырады екен. Ол кісі ауылда арақ сатылмайтын бол­ғалы бері, отбасылық ұрыс-керіс, қылмыс, шаңырақтың шайқалуы да азайғанын айтады.

«Бұрын әйелін тойға ертіп апарып, оны біреумен билеп­ қойдың деп қызғанып, оның дауы сотқа дейін жеткен мәселелер болған. Қазір мұн­дай жағдайлар жоқтың қасы деуге болады.  Тіпті мекеме мен жеке тұлға арасында келіспеушілік болғанның өзінде бірден сотқа жүгінбей, ауыл биіне барайық деп бізге келеді. Ал бидің негізгі мақсаты – екі жақтың арасындағы айтысты әлсірету, екі жақты келісімге келтіру болып табылады. Жіберген қателіктерін бір-біріне тү­сін­діріп, келісімге шақырамыз. Отбасылық ұрыс-керіс, екі адамның арасындағы келіспеу­шілікті де реттеп оты­рамыз», - дейді Әбдуәлі Еркінбекұлы.

Тағы оқыңыздар: 

Сооронбай Жээнбеков Қазақстан мен Назарбаевқа деген көзқарасын айтты (видео)

Қырғызстандағы жаңа басшының қызы сұлулығымен елді таңғалдырды (фото)

Пәктігі аса маңызды емес: Шымкенттік жігіттер қалай жар таңдайды?

Бүгін Қазақстанға метеорит құлайтыны рас па?

Қостанай облысында жедел жәрдемнің үш бірдей қызметкерін көлік басып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1648022-oqo-da-araq-pen-temekini-mulde-satpayt.html