Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетелдікке тұрмысқа шыққан танымал қазақ журналисі елге жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Қалың көрерменге «Шетелдегі қазақ балалары» бағдарламасы арқылы кеңінен танылған журналист Жанар Байсемізова Еуразия арнасындағы «Әйел сыры» бағдарламасында өзін қазақ азаматына тұрмысқа шықпады деп қатаң сынағандарға жауап берді. Ол қазақтың жігітіне тұрмысқа шыққысы келгенін, бірақ тағдырдың жазуы осылай болғанын айтты.

"Мен сондай қатты шу болады деп ойламадым. Бірақ іштей дайын болдым. Мен мұның бәрін қимастық, маған деген махаббат, қызғаныш деп білдім. Мені көп адамның жақсы көретінін сол кезде ұғындым. Ата –анам ең бастысы ұлтқа байланысты емес, жақсы адам болса болды деді. Жолдасым мұсылман. Испанияда іс сапарда жүргенде телефонмен сөйлескенімізде ислам діні жайлы оқып жатқандығын, «жер бетіндегі ең таза дін ислам, алдағы уақытта осы дінді қабылдайтын шығармын» деп айтқан. Өмір бойы басқа сеніммен өскен адамға қиын. Бұл менің өмірімдегі ең таңғажайып керемет кез болды. Себебі ол өзі сәждеге жығылып, мұсылмандықты қабылдады",- деді ол.

Жанар жұбайы өзіне алғаш ұсыныс жасаған кезде ұзақ ойландым дейді.

"Екеумізде жер шарын аралап жүріп келіп, Атырауда таныстық. Негізі Мұстафа Шоқайдың мынандай сөзі бар: «Жаман мемлекет жоқ, жаман адам бар» деген. Жаман адам біздің елде де бар, біздің қазақта да бар. Бұл менің маңдайыма жазылған тағдырым деп ойлаймын. Алғаш ұсыныс жасаған кезде мен де көп ойландым. Мен де қазақтың жігітіне шыққым келді. Менің осылай тұрмысқа шыққаным жалпы қазақ қыздарының өзге ұлтқа шығуына деген насихат емес, әркімнің өзінің тағдыры, өзінің кармасы бар. Әркім өзінің өмірлік тәжірбиесін алып жүреді",- деді журналист.

Ол ең бастысы махаббаттың не екенін түсінгенін және шетелдік жарын қатты сүйетінін жеткізді.

"Мен махаббаттың басқаша екенін түсіндім. Махаббат ол – құштарлық, махаббат ол– біреуге қол жетпей, соның соңынан жүгіру емес, махаббат бұл –сыйластық, түсіністік, сенім. Махаббат – сенің өміріңе басқа біреудің жауапкершілік алуы. Ол менің өміріме жауапкершілік алды, мені қолына қондырып, мәпелеп, үлкен құрмет көрсетті. Сондықтан да мен осыны өмірімдегі ең үлкен, ең ұлы махаббат деп ойлаймын. Бас кезінде әрине оның сезімі басым болды, ал мен қазақ болған ғой деген оймен жүрдім. Бірақ қазір мен оны шын сүйемін және ол махаббатым күннен күнге секунд сайын өсіп жатыр",- деді Байсемізова.

Жанар шетелдік күйеуінің отбасымен алғаш қалай танысқандарын да есіне алды.

«Украинаға бара жатқан кезде өзге ел, өзге ұлт болғандықтан, көңілде сәл қобалжу болады. Мен шетелге шығып үйреніп қалған соң, бұл сапар сияқты болып көрінді. Менің қайын енем өте мейірімді, тәрбиелі, мәдениетті адам. Бір көргеннен мені сондай қысып, құшақтап алды. Мен жолдасымнан сенің анаңды қалай атайын деп сұрап едім, ол: «Антонина Ивановна деп айт» деді. Мен қазаққа олай болмайды, ыңғайсыз ғой дедім. Сосын өзіне айттым мен сізді мама деп атауға шешім қабылдадым деп. Ол кісі өте қуанып, енді менің «келінім емес, сен қызымсың» деп айтты. Қарым –қатынасымыз өте жақсы»,- деді ол ағынан жарылып.

Шетелдікке тұрмысқа жабырқап, жалғыздықтан шаршағаннан шықпағанын да атап өтті.

"Тұрмысқа шықпай жүрген қыздар біз де өте үлкен проблема. Жалғыздық деген жаман, оны барлығы да біледі. Қыздар оны білдіртпеуге тырысып, әдемі киініп, әдемі боянып, күліп –ойнап жүреді. Жүректе бәрібір жалғыздық. Бірақ мен өзім жалғыздықтан қорқып, тұрмысқа шықпай қаламын ау деп мәжбүрліктен шыққан жоқпын. Мен өзім сүйіп, қалап шықтым. Жалғыздық деген нәрсеге адам үйренген кезде, құдайдың сол саған берген сынағын қабылдап үйренген кезде Алла тағала өзі береді",- деді Жанар.

Тағы оқыңыздар: 

Сооронбай Жээнбеков Қазақстан мен Назарбаевқа деген көзқарасын айтты (видео)

Қырғызстандағы жаңа басшының қызы сұлулығымен елді таңғалдырды (фото)

Пәктігі аса маңызды емес: Шымкенттік жігіттер қалай жар таңдайды?

Бүгін Қазақстанға метеорит құлайтыны рас па?

Қостанай облысында жедел жәрдемнің үш бірдей қызметкерін көлік басып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1648178-sheteldikke-turmysqa-shyqqan-tanymal-zh/

pixel