RU

Темекі шекпеймін: Маржан Арапбаева өзін «шылым шегеді» деп айыптаған тыңдармандарына жауап берді

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, белгілі әнші Маржан Арапбаева көпшіліктің «шылым шегеді», «темекі тартады» деген айыптауларына жауап берді. Әншінің айтуынша, ол ешқашан шылым шекпеген, мұндай дауыс оған әкесінің туыстары жағынан «дарыған» көрінеді. Бұл туралы NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі хабарлайды.

Көпшілікті әдемі дауыс, әсем әндерімен сүйсіндірген Маржан Арапбаева өзінің дауысына «мін таққан» тыңдармандарына жауап берді. Өнер иесі «темекі шегесіз бе» деген сауалдардың жиі қойылатынын, алайда ол оның «табиғи дауысы» екенін мәлімдеді. «Сенсеңіз, кезінде дауысымда осындай «қырыл» пайда болғанда, мен дауысымды жоғалтып алдым ба деп ойлаған едім. Алайда, Аллаға шүкір олай емес екен. Қазір қарап отырсам, әкемнің барлық әпкелерінің дауысы осындай. Сондықтан, бұл дауыс маған қанмен берілген. «Темекі шегесіз бе» деп мазалайтын тыңдармандарыма айтарым, шекпеймін, шегіп те көрмегенмін»,-деп ағынан жарылды әнші.

Сондай-ақ, ол «ер адам барлық тоқалдарын бағып-қаға алса, тіпті, 5 тоқал алсын, алайда өз басым тоқалдыққа қарсымын» деп тоқалдыққа қатысы пікір білдірді.

«Ер адам бар тоқалын асырай аламын десе, тіпті, 5 тоқал алсын. Ал, өз басыма келер болсам, ондай «жағдайды» басымнан өткермеймін деп толық сеніммен айта аламын. Себебі, менің жолдасым ондай әрекетке бармайды. Ондай жағдай туып жатқан күннің өзінде, жолдасыма менімен ажырасып, сол тоқалыңа үйлен деп айтар едім»,-деп кесіп айтты әнші.

Тағы оқыңыздар: 

Сооронбай Жээнбеков Қазақстан мен Назарбаевқа деген көзқарасын айтты (видео)

Қырғызстандағы жаңа басшының қызы сұлулығымен елді таңғалдырды (фото)

Пәктігі аса маңызды емес: Шымкенттік жігіттер қалай жар таңдайды?

Бүгін Қазақстанға метеорит құлайтыны рас па?

Қостанай облысында жедел жәрдемнің үш бірдей қызметкерін көлік басып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1648204-temeki-shekpeymin-marzhan-arapbaeva-oz.html