RU

Мәскеуде шаштаразға көңілі толмаған клиент оны жұрттың көзінше өлтірді

Шашының қиылғанын ұнатпай қалып, өзбек шаштаразды өлтірген ресейлік ұсталды, деп хабарлайды Baq.kz.

Шашымды дұрыс алмадың деп өзбек шаштаразды өлтірген ер адам ұсталып, қамауға алынды. Ол бұрын екі рет сотталған.

13 қазан күні Мәскеудің Губцево ауылында екі ер адам жанжалдасып қалған. Сол кезде айыпталушы жәбірленушінің кеуде тұсына 3-4 рет темір сұғып алып, оқиға орнынан қашып кеткен. Алған жарақаттарының нәтижесінде жәбірленуші сол жерде көз жұмған.

«Жедел іздестіру шаралары кезінде күдікті ұсталды. Ол өзінің істеген ісін мойындады», - дейді Ресей ТК МТБ ресми өкілі Юлия Иванова.

Федерация кеңесінің сенаторы Антон Беляков өзінің Facebook парақшасында қайтыс болған жігіт Өзбекстаннан келіп, шаштаразшы болып жұмыс істегенін жазған.

Бейсенбі күні шаштаразда істейтін жігіт айыпталушының шашын алып берген. Келесі күні ол қайтып келіп, қиылған шашының ұнамайтынын айтқан.

«Шашының қиылған үлгісі ұнамаған жігіт шаштаразшыны сыртқа алып шығып, оның жүрек тұсына 3 рет шампурды сұғып алған», - деп жазған Беляков.

Тағы оқыңыздар: 

"Алтын Орда" базарында төрт баласымен бірге қайыр тілейтін әйелдің тағдыры елді алаңдатты

Меруерт Түсіпбаева сымбатты "сүйіктісін" көрсетіп мақтанды (фото)

Балақай Сириядағы соғыстан келген әкесін көріп, жылап жіберді (видео)

ОҚО-да арақ пен темекіні мүлде сатпайтын ауыл көпшілікке үлгі болуда (фото)

Оқырман анасын балағаттайтын шымкенттіктерге ірі айыппұл салуды ұсынды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1648268-maskeude-shashtarazgha-konhili-tolmaghan.html