RU

Лотореядан үнемі миллиондап қаржы ұтатын жолы болғыш әйел кім?

Жолы болғыш жандар жанымызда да кездеседі. Сәттіліктің серік болғанын бәріміз де қалаймыз. Алайда америкалық Джоан Гинтер секілді жолы болған жан жоқ шығар деп жазады massaget.kz.

Джоан Гинтер әлемдегі ең жолы болғыш жан саналады. Сәттілігінің арқасында оның есімі түрлі рекордтар кітабына да енген. Америкалықтың лоторея ойындарында төрт рет жұлдызы жанған. Төрт рет болғанда да аз көлемдегі қаржы емес, миллиондап ұтқан. Америкалықтың лотореядан тапқан табысы 20,4 миллион долларды құрайды.

Алғаш рет 1993 жылы 5,4 миллион доллар табысқа кенелген. Араға 13 жыл сала тағы екі миллион доллар ұтқан. 2008 жылы – үш миллион, 2010 жылы 10 миллион доллар ұтқанда жұрт оны алаяқ деп те ойлаған. Ал шын мәнінде ол алаяқ емес.

Тіпті, америкалық басылымдардың бір тілшісі Джоан Гинтердің жеңісті жолын арнайы зерттеген. Оны алаяқ ретінде танытуға тырысқанмен, ешқандай дәлел келтіре алмаған. Ал жолы болғыш әйелдің өзі жас кезінде Калифорния университетінде математик болған екен.

Математика ғылымдарының докторы атағын да иеленген. Көбіне статистикамен айналысуға құмартқан. Статистикалық көрсеткіштеріне сүйене отырып, жеңіске жетуге тырысқанын да жасырмаған. Мұны ол заңға қайшы емес екенін тілшіге берген сұхбатында да айта кеткен.

Бір қызығы, соңғы ұтқан жеңісті үш билетін де өзі өскен өлкесінен (Бишоп) сатып алған.

Тағы оқыңыздар: 

"Алтын Орда" базарында төрт баласымен бірге қайыр тілейтін әйелдің тағдыры елді алаңдатты

Меруерт Түсіпбаева сымбатты "сүйіктісін" көрсетіп мақтанды (фото)

Балақай Сириядағы соғыстан келген әкесін көріп, жылап жіберді (видео)

ОҚО-да арақ пен темекіні мүлде сатпайтын ауыл көпшілікке үлгі болуда (фото)

Оқырман анасын балағаттайтын шымкенттіктерге ірі айыппұл салуды ұсынды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1648299-millioner-atanghan-unemi-zholy-bolghysh.html