RU

Қақпашы өз командаласымен соқтығысып қалып, тіл тартпай кетті (видео)

Индонезиялық клубтың қақпашысы ел чемпионатының ішкі ойындары кезінде қайтыс болды. Ойын барысында ол өз командаласымен соқтығысып қалды, деп хабарлайды vesti.kz.

"Персела Ламонган" және "Семен Паданг" командалары арасындағы ойында алаң иелерінің қақпашысы Чойрул Худа өз командасындағы ойыншы Рамон Родригеспен соқтығысып қалады.

Родригес қарсылас команданың шабуылшысы Марсель Сакраментомен допқа таласып келе жатқан еді. Салдарынан қақпашы есінен танып қалған.

Төреші ойынды тоқтатып, алаңға дәрігерлерді шақырған. "Персела" дәрігерлері Худуға оқиға орнында көмек көрсеткенімен, ол есін жия алмаған, кейін дәрігерлер қақпашыны зембілмен алаңнан шығарып, жергілікті ауруханаға жеткізді.

Алайда дәрігерлер футболшыны өлімнен арашалап қала алмады. Худтың жасы 38-де болатын. 

Тағы оқыңыздар: 

"Алтын Орда" базарында төрт баласымен бірге қайыр тілейтін әйелдің тағдыры елді алаңдатты

Меруерт Түсіпбаева сымбатты "сүйіктісін" көрсетіп мақтанды (фото)

Балақай Сириядағы соғыстан келген әкесін көріп, жылап жіберді (видео)

ОҚО-да арақ пен темекіні мүлде сатпайтын ауыл көпшілікке үлгі болуда (фото)

Оқырман анасын балағаттайтын шымкенттіктерге ірі айыппұл салуды ұсынды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1648324-qaqpashy-oz-komandalasymen-soghysyp-qa.html