RU

Гендік модификацияланған тағамдардан қауіптену қажет пе?

Орыстың кейбір ғалымдары гендік модификацияланған азық-түлікке қатысты зерттеулер жүргізіп, адам жаны түршігерлік небір дүниелерді анықтап, бойды түршіктіріп қойғаны жасырын емес.

Олардың айтуына сенсең, дүкеннен тәуір дүние таба алмайсың. Одан да ауылға барып, "айранымды ұрттап, қойымды құрттап жатқаным" артық екен дейсің. "Бәрінен де қой бағып, құйрық жеген озар" деп бала кезімізде тақпақтаушы едік, сол сөздің қисыны осындай мәселеде келетін сыңайлы. Ал енді кейбіреулер мүлде басқа нәрселер айтады. Оларға салсаң, керісінше, гендік модификацияланған өнімдерсіз өмір сүруге болмас. Ертеңгі күні адамзат бәрібір сол өнімдердің тұтынушысы болып қала бермек. Сонда кімге сенеміз?

Марат қажы Сәрсенбаев, "Халал" өнімдерін стандарттау техникалық комитетінің төрағасы:

Иә

– Халал мәселесі тұрғысынан қарасақ, біз харам жануарлардың генін пайдала­н­атын тағамдарға қарсымыз. Себебі мұ­с­ыл­мандарға шариғат бойынша харам­ның бір түйірін болсын пайдалануға рұқ­сат жоқ. Ал гендік модификацияланған та­ғам­дар бұған жол беріп жатады.

Мәсе­лен, кейбір тағамдарға сарышаянның ге­­нін, ал бидайға тышқан жоламас үшін мы­сық­­тың генін қосады. Бүгінде Ресейдің ға­лым­­дары мұндай тағамдарға қатысты көп­теген зерт­теу жүргізіп, біраз дүниені анық­­тап жатыр. Олар жақында тәжірибе жү­­зін­де гендік модификацияланған та­ғам­­дарды егеуқұйрықтарға берген көрі­не­ді.

Сонда әлгі гендік модифика­ция­лан­ған азық-түлікті пайдаланған егеуқұй­рық­тар­дың үшінші, төртінші буындары ұр­пақ­сыз қал­ған. Яғни, былайша айтқанда, белсіздікке, бе­деулікке ұшыраған. Ендеше, қазір көп қыз-келіншектеріміздің бала көтере алмай жүр­геніне, жігіттеріміздің белсіз болып жа­туына осы тағамдардың "үлесі" жоқтығына кім кепіл?

Оның үстіне, гендік моди­фи­ка­ция­ланған тағамдар нарығымызды жаулап ал­ды. Емшектегі бала да, одан қалса, ба­ла­ны емізетін ананы да сондай тағам­дар­мен қо­ректендіреміз. "Гендік модификацияны адамзатқа жаны ашымайтын адамдар ойлап тапты-ау" деп ойлаймын кейде. Мұның бәрі биз­нес үшін ойлап табылғанын жұрттар тү­сіне қоймайды. Мәселен, не үшін ас­тық­қа са­ры­шаянның генін қосады деп ой­лай­сыз?

Бі­ріншіден, сарышаянның гені қо­­сылған астыққа оған жау жән­дік­тер жола­майды. Өйткені жан-жануарлар өз­­­дерінің жауын түйсік арқылы сезінеді. Екін­шіден, сарышаян қуаңшылыққа төзімді жәндік саналғандықтан, оның гені қо­сыл­ған астық та суды аса қажет етпейді. Міне, не­гізінен, гендік модификация осы мақ­сат­та дүниеге келген. Ресейдің ғалымдары осындай мәселелерді зерттеуге "ширақ".

Нақты-нақты айғақтар келтіріп жатады. Сол үшін де қызметтерінен түсіп қалып, қы­сым көріп, қудалауға ұшырап жатқандар да бар. Бізге де гендік модификацияланған тағамдардың пайдалы не зиянды екендігін зерттейтін уа­қыт жетті. Кейбір ғалымдар гендік мо­ди­фи­кацияланған азық-түлікті "жаппай қы­рып-жою қару-жарағы" деп те сипат бе­ре бас­тады.

Менде гендік моди­фи­ка­ция­лан­ған азық-түліктер­дің зиянды екенін дә­лел­­дей­тін ғылыми не­­гіз жоқ.

Алайда р­­е­­­­­сейлік ға­лым­дар­­­ға сенемін. Бі­рақ мен "Халал" стан­­дарты тұрғы­сы­­нан бұған қарсы­мын.

Төрегелді Шарманов, Қазақтың ұлттық тағамтану акаде­мия­сының президенті, академик:

Жоқ

– Бүгінде әлемдегі елдердің көбісі ген­дік модификацияланған азық-түлік өнім­де­рін өндіреді. Қытай, Жапония, Корея, ал АҚШ мұндай гендік модифи­ка­ция­ланған өнімдерді тіптен көп өндіруде.

Жа­сыратыны жоқ, гендік модификация­лан­ған тағам өнімдері жылдан-жылға есе­леп өсіп келеді. Бұған қарсы адамдар да шығып жатыр. Кезінде селекция деген шы­ғып, одан да жұрт ат-тонын ала қашып үрік­кен болатын. Бүкіл дүниежүзі бұған қар­сылық танытқаны әлі есімізде.

Ақыры се­лек­циясыз күн көру мүмкін емес болып қал­ды ғой. Менің ойымша, гендік моди­фи­к­ацияланған тағамдардың адам ағза­сы­на ешқандай да зияны жоқ. Гендік модификация тағамның жаңа қасиетін жасап шығаруға мүмкіндік береді.

Мәселен, тағамның кейбір түрлерінен ин­­сулин жасап шығаруға болады. Сон­дай-ақ кейбір көкөністерде С дәрумені жа­­са­лын­байды. Қазір осы гендік мо­ди­фи­­ка­ция­ның себебінен С дәрумені жа­са­лы­натын болды.

Бұған қоса, гендік мо­ди­фикация қауіпті көрсеткіштерді азай­татын болды. Соң­ғы уақыттарда қы­за­нақтың қадір-қа­сие­ті жарты есеге де­йін төмендеп кетті, құ­на­ры қаша бастады. Ал гендік модификация қыза­нақтың құ­на­рын біршама жо­ға­ры­ла­тып берді.

Мә­се­лен, қызанақ тоңазыт­қыш­тың өзінде екі-үш күнге дейін шыдай ал­май­ды, ал ген­дік модификацияланған қы­­занақ қан­ша­ма уақыт бойы бөлменің тем­пе­ра­ту­ра­сында-ақ сақтала береді.

Гендік модификацияланған өнімдерден адам ағзасына қауіп жоқ.

Өйткені адамның да, жан­уар­лар­дың да ағзаларында сырттан келетін зиян­ды заттардан сақтайтын төрт дә­режелі қор­ғаныс бар. Адам ағзасына қа­уіпті әрі зиян­ды деген заттар осы төрт "сүз­гіден" өте алмайды. Гендік моди­фи­ка­ция­ланған та­ғамдардан үркетіндер "бұл та­ғамдар біз­дің генімізге әсер етеді" деп ой­лайды. Ген­ге әсер ету үшін оған үлкен ген­дік ин­же­не­рия қажет. Әйтпесе генді ра­диациямен не химиялық жолмен ғана за­қым­дай ала­мыз. Генді зақымдау оңай шаруа емес. Сондықтан да ондай та­ғам­дар­­дан қауіп­тенуге болмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/164842-gendik-modifikacziyalangan-tagamdardan-kauiptenu-kazhet-pe.html