RU

Шымкент тұрғыны тойға аз ақша әкелетін адамдарды сынап тастады

ОҚО-тұрғыны бүгінде қазақтың тойының мәнісі кетіп бара жатқанын айтып, налыды. Оқырманның айтуынша, бүгінде есепке құрылған тойдың кесірінен жақын туыстың арасы алшақтап барады деп жазады Замана басылымы.

"Ілгеріде біреудің үйіне тойға шақырса қуанатын едік, қазір жүрегіміз зырқ ете қалады. Себебі тойға тойана деп 10-15 мың теңге апарсаң, той иесі өкпелеп, бізбен қоштаспайды да. Ал кезінде ол адам маған екі-үш мың теңге әкелген", - деген оқырман өзі куә болған оқиғаны айтып берді.

"Жамбыл облысында біздің Қарақалпақ елінен қоныс аудар­ған бір ағамыз келін түсіремін деп (бұдан төрт жыл бұрын), кафеде той қыламын деп 800 мың теңгені банктен несие алған екен, тойға түскен ақшамен несиені жабамын деп ойлапты. Себебі өзі 78-ге келген абыройлы ақсақал. Ол кісі бір сыныптас досының үш ұлының тойына үш тай, екі құдасының үйіне екі тай, ағайын-туған жекжаттарының тойларына 21 тай мен неше мыңдаған теңге апарған екен. Ал өмірінде көрген жалғыз ұлының үйлену тойына төрт-ақ тай мен 200 мыңдай теңге түсіпті. Ағай несиесін төлей алмай, инфаркттан өліп кетті", - дейді ол.

Мақала авторының жазуынша, тойға барғаннан кейін сыйын жөндеп беріп, жөндеп қайтару қажет.

"Сыйға – сый, сыраға – бал" деген. Сарыағашта кафеде сүндет той, келін той, мерейтой болса, кейбіреулер ұялмай 500, 1000 теңгені әрең алып келеді. Ал кафедегі бір орын 1500-3000 теңгеге дейін тұрады. Әңгіме апарған-әкелгенде де емес, көңілде, сыйластықта ғой. «Көңіл көңілден су ішеді» дейді. Адамға көп нәрсе қажет емес. Сол үшін тойды бизнеске айналдырмай, берген соң шын көңілмен беру керек. Шектен шықпайық дегім келеді. Әр нәрсенің шегі, нормасы бар", - деген оқырман қарызданып тойға баруды тию керектігін айтады.

"Несие алмаңыз, қарызданып тойға бармаңыз. Шамаңыз келмесе той-томалаққа бармаңыз, келмей-ақ қойсын. Көрпеңізге қарай көсіліңіз. Өйтіп қарызға белшеден батып ұлыңызды үйлен­діріп, құда шақырмай-ақ, қызыңызды ұзатпай-ақ қойыңыз. Ұл-қызыңыз өздері жұмыс істеп, ақша тауып, өз тойларын өздері адал ақшасына жасасын", - деп түйіндейді оқрыман.

Тағы оқыңыздар: 

"Алтын Орда" базарында төрт баласымен бірге қайыр тілейтін әйелдің тағдыры елді алаңдатты

Меруерт Түсіпбаева сымбатты "сүйіктісін" көрсетіп мақтанды (фото)

Балақай Сириядағы соғыстан келген әкесін көріп, жылап жіберді (видео)

ОҚО-да арақ пен темекіні мүлде сатпайтын ауыл көпшілікке үлгі болуда (фото)

Оқырман анасын балағаттайтын шымкенттіктерге ірі айыппұл салуды ұсынды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1648437-shymkent-turghyny-toygha-az-aqsha-akeleti.html