RU

Дауылды ескерту: Еліміздің басым бөлігінде күн күрт суытады

«Қазгидрометтің» хабарлауынша алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болып, жел күшейеді. Осыған байланысты ауа температурасы да күрт төмендемек.

Алдағы екі тәулікте Қызылорда облысында жауын-шашын болады. Кей жерлерде нөсер жауып, соңы қарға жалғасады. Батыстан соққан желдің күші 15-20-ға дейін жетіп, екпіні 23 м/с болады. Ауа температурасы 5-10 градусқа күрт төмендейді.

18 қазанда тәулік бойы, 19 қазанда түнде Оңтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауып, соңы қарға ауысады. Кей жерлерде қатты нөсер болуы ықтимал. 18 қазанда оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күшейеді, ауа температурасы күндіз 5-10 градус , кей жерлерде 15 градусқа дейін төмендейді.

18 қазан күндіз және 19 қазан түнде Жамбыл облысында нөсер жауады. Оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20, екпіні 23-28, оңтүстік-батыста 30 м/с аса күшейеді, күндіз ауа температурасы 10-15 градус, кей жерлерде 7 градусқа дейін күрт өзгереді.

Тағы оқыңыздар: 

"Алтын Орда" базарында төрт баласымен бірге қайыр тілейтін әйелдің тағдыры елді алаңдатты

Меруерт Түсіпбаева сымбатты "сүйіктісін" көрсетіп мақтанды (фото)

Балақай Сириядағы соғыстан келген әкесін көріп, жылап жіберді (видео)

ОҚО-да арақ пен темекіні мүлде сатпайтын ауыл көпшілікке үлгі болуда (фото)

Оқырман анасын балағаттайтын шымкенттіктерге ірі айыппұл салуды ұсынды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1648479-dauyldy-eskertu-elimizdinh-basym-boli.html