RU

Сымбатымен қыздарды естен тандырған Тәуекел Мүсілім өзін "гей" дегендерге жауап берді

Қыздарды сымбатымен естен тандыратын Тәуекел Мүсілім YouTube желісіндегі Бейбіт Әлібековтің каналына берген сұхбатында жеке басына қатысты күмән тудырған біраз сұрақтардың нүктесін қойды. Отандық шоу-бизнестегі сүр бойдақ атанған актер өзіне "гей" деп күмәнмен қарайтындарға жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

"Көптеген жандар мені дәстүрлі емес жыныстық көзқараста деп ойлап жатады. Себебі көп суреттерімде достарыммен бірге жүремін, шетелге демалуға солармен бірге барамын. Шындығын айтсақ, ондай ой қате. Мен қыздарды жақсы көремін, көзқарасым орнында", - деді Тәуекел.

Желіде қырғыз қызымен түскен суреті арқылы талай қаракөздердің жүрегін ауыртқан әртіс әзірше жүрегінің бос екенін айтты.

"Қазір жеке өміріме уақытымды бөліп, өмірлік серігіммен жүруге дайын емеспін. Мен үшін мансабым - бірінші орында. Қазір басқа жұмыстармен айналысудамын",- деді актер.

Айта кетейік, журналистің "Қандай қыздарды ұнатасыз?" деген сұрағына Тәуекел "бастысы әзіл түсіне білетін болса болды" деді.

Тағы оқыңыздар: 

Сооронбай Жээнбеков Қазақстан мен Назарбаевқа деген көзқарасын айтты (видео)

Қырғызстандағы жаңа басшының қызы сұлулығымен елді таңғалдырды (фото)

Астанада өткен сұлулық байқауының қыздарын басшылар қалай пайдаланған?

Пәктігі аса маңызды емес: Шымкенттік жігіттер қалай жар таңдайды?

Әйгілі Месси үшінші баласын күтіп жүр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1648557-qyzdardy-esten-tandyrghan-tauekel-mus.html