RU

Бабанов: Қазір де, болашақта да билікті басып алмақ ойым жоқ

Қырғызстан президенті сайлауында екінші орын алған парламенттегі "Республика - Ата Журт" фракциясының жетекшісі Омурбек Бабанов "билікті басып алмақ ойы жоқ" екенін мәлімдеді деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Бішкекте өткен баспасөз конференциясында Бабанов сайлау қырғызстандықтарды "біріктіргенін" айтты. Ол "әкімшілік ресурстан қорықпай, дауыс бергендерге" алғыс білдіріп, жақтастары мен өз командасын қандай да бір арандатуларға ұрынбауға шақырды.

"Маған қазір 16 қазан күні сағат 12-де "Бабановты қолдайтындарды алаңға шығуға шақырып жатыр" деген арандататын материал түсті. Тағы да еске салғым келеді; мен ешқашан билікті басып алған емеспін!

Қазір де, болашақта да билікті басып алмақ ойым жоқ. Біз сайлаушылар мен үгіт-насихатшыларымыздың құқығын тек заңды жолмен қорғаймыз. Мен біздің жеңісіміз алда екеніне өте сенімдімін. Бұл сайлау бізді біріктірді", - деді Бабанов.

Тағы оқыңыздар: 

Аты әлемге әйгілі Месси үшінші баланың әкесі атанбақшы

Дауылды ескерту: Еліміздің басым бөлігінде күн күрт суытады

Моңғолияның ең сұлу қызы өз елін әлемге қалай танытты? (видео)

Шымкент тұрғыны тойға аз ақша әкелетін адамдарды сынап тастады

Қайрат Нұртас: Анам екеуміз Жұлдыздың арманын орындау үшін киноға түсірдік

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1648825-babanov-qazir-de-bolashaqta-da-bilikti.html