Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мөлдір Әуелбекованың күйеуімен ажырасып кеткені рас па?

Опубликовано:

Белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова мен жолдасы Арыстанның екі жаққа кеткенін желідегі оқырмандары жарыса жазып жатыр. Тіпті әртіске сансыз сауалдар жолдаған жанкүйлерлері мардымды жауап ала алмаған. Алайда, ел арасындағы тараған ақпараттың ақиқатына Әуелбекова  НТК арнасының "Ревюньюс" бағдарламасында жауап берді.

"Ештеңе демеймін. Жеке өмір - жеке өмір деп бағана айттым ғой. Жоқ, жауап!", - деді жауап беруден бас тартты әнші.

Бір айта кетерлігі, Әуелбекова әлеуметтік желіде Арыстанның барлық суреттерін өшіріп тастаған. Әншінің бұл әрекетін тыңдармандары түсіне алмай, сұрақтың астына алып, түрлі пікірлер білдіруде.

Бір қызығы, баласының әкесі Арыстан Астанада тұрса, бүгінде Мөлдір алматылық тұрғындар қатарына косылған. 

"Енді, өнер ордасы біздің Алматы. Бізде қаншама әншілер Астанаға қоныс аударып қайтып келді. Оны барлығы біледі. Соның ішінде мен де бармын. Өнер ордасы, мәдениет ошағы - осы жер. Жұмыстың барлығы осы жерде", - деді күйеуінен бөлек тұрып жатқанын өнермен байланыстырған әнші.

Тағы оқыңыздар:

Елімізде көп сұранысқа ие АИ-92 бензині тағы да қымбаттайды

Тұсаукесер рәсімінде ақшаны таңдап мәз болған сәби желіде жұлдыз болды (фото)

Шымкент әкімінің сөзін екі етпеген шенеуніктер үйлеріне автобуспен қайтты (фото)

Танымал заңгер Қайрат Нұртастың фильмін ұрланған деп айыптап, «2» деген баға қойды

Әбдірахымов қоғамдық көлікке жауапты басшының суретін автобусқа іліп қоймақшы (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1648829-moldir-auelbekovanynh-kuyeuimen-azhyr/

pixel