RU

Ақтөбеде мұғалімдермен төбелесетін тентек баланың дамуында ауытқушылық болуы мүмкін

Ақтөбедегі № 25 мектептің 2 сыныбында оқитын тентек балаға қатысты қалалық білім бөлімінің мамандары пікір білдірді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Осыған дейін мектепте мұғаліммен төбелесіп, балалардың білім алуына кедергі келтіретін тентек бала туралы жазған болатынбыз. Бір баланың кесірінен барлық ата-ана балаларын сабаққа жіберуден бас тартқан еді. Мамандар баланың денсаулығында ауытқу бар дегенді айтты.

«Қаладағы №25 мектепке қатысты шу шыққаннан кейін арнайы тексеріс жүргізілді. Мұғалімдер баланың үстінен бір папка түсініктеме жазып қойған. Cабақтың үстінде отырмайтындығы, ыңғайсыз әрекеттерге баратындығы жазылған. Енді ол бала, оның үстіне аздап ауытқушылығы бар. Психологтармен бірлесе отырып түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ол баланың жасаған ісіне жауап бере алмайтыны белгілі болды.

Біз нақты диагноз бере алмаймыз. Сондықтан баланың жағдайы туралы ақпаратты құзырлы орынға жібердік»,- дейді қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Гүлжан Сейсенбаева.

Қазір мектеп басшылығы тарапынан баланың денсаулығын тексеру үшін арнайы сұраныс жасалған. Себебі, баланың анасы асығар емес.

"Баланың анасы өздігінен денсаулығына қатысты тексеру жұмыстарын жасамай отыр. Сондықтан біз баланың құқы үшін хат жолдадық. Бала ақыл есінде ауытқушылығы бар №7 мектеп балаларымен бірге болу керек", - дейді маман.

Енді ол баланың денсаулығы №25 мектептің әкімшілік хаты негізінде тексеріледі.

«Сабаққа балаларымызды жібермейміз» деген балалардың да ата-анасымен сөйлестік. Бұл жерде адами фактор. Баланың денсаулығы болған соң түсіністік танытуды сұрадық», - дейді Гүлжан Сейсенбаева.

Тағы оқыңыздар: 

Аты әлемге әйгілі Месси үшінші баланың әкесі атанбақшы

Дауылды ескерту: Еліміздің басым бөлігінде күн күрт суытады

Моңғолияның ең сұлу қызы өз елін әлемге қалай танытты? (видео)

Шымкент тұрғыны тойға аз ақша әкелетін адамдарды сынап тастады

Қайрат Нұртас: Анам екеуміз Жұлдыздың арманын орындау үшін киноға түсірдік

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1648841-aqtobede-mughalimdermen-tobelesetin.html