Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе қаласының әкімі Сапарбаевтың қолынан медаль тағып, балаша мәз болды (фото)

Опубликовано:

Қоғамдық шараларда елдің есінде қалатындай ерекше төбе көрсетіп жүрген қала әкімі Ілияс Испанов саясатта ғана емес, спортта да белсенді екенін дәлелдеді деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе қаласының әкімі кубогіне орай ат жарыс ұйымдастырылып, елдің түкпір-түкпірінен қонақтар келді. Аталмыш шарада қала әкімі ауыздығымен алысқан асау тұлпарды мініп, елдің алдынан өткен болатын. Қалың топ риза болып «Әкім жарайсың!», «Міне нағыз азамат!» деген мақтау сөздер айтты.

Испанов мырза «Күзгі жүгіру – 2017» марафоны кезінде де қала тұрғындарымен бірге жүгіріп, жүлделі орынға қол жеткізді. Әрдайым спортты серік қылып жүрген қала басшысына марафон қиынға соқпапты.

Бала кезінде бокспен айналысқан әкім әлі де спортзалда жаттығатынын айтты.

«10 шақырымды бағындыру қиын болған жоқ. Дүйсенбіден басқа күндері мемлекеттік қызметкер ретінде спорт залдарында жаттығамын. Ешқандай тактика қолданбадым. Мәреге 63 миутта жеттім», — деп бөлісті қала әкімі өз сөзінде.

Тағы оқыңыздар: 

Аты әлемге әйгілі Месси үшінші баланың әкесі атанбақшы

Моңғолияның ең сұлу қызы өз елін әлемге қалай танытты? (видео)

Апатқа ұшырамауды ойлаған жүргізуші көлігімен ағашқа ілініп қалды (видео)

Қайрат Нұртас: Анам екеуміз Жұлдыздың арманын орындау үшін киноға түсірдік

Ақтөбеде мұғалімдермен төбелесетін тентек баланың дамуында ауытқушылық болуы мүмкін

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1648937-aqtobe-qalasynynh-akimi-saparbaevtynh/

pixel