RU

Назарбаев қырғыз елінің жаңа президентін жеңісімен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев Сооронбай Жээнбековке Қырғыз Республикасының президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан президенті жеделхатта Сооронбай Жээнбековтің басшылығымен Қырғызстан өзінің қарқынды даму жолында жаңа табыстарға жететініне сенім білдірді.

«Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынас елдеріміздің игілігі үшін одан әрі дами түседі деп сенемін.

Сізге зор денсаулық, жауапты мемлекеттік қызметіңізде табыс, ал бауырлас қырғыз халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тілеймін», – делінген жеделхатта.

Тағы оқыңыздар: 

Аты әлемге әйгілі Месси үшінші баланың әкесі атанбақшы

Моңғолияның ең сұлу қызы өз елін әлемге қалай танытты? (видео)

Апатқа ұшырамауды ойлаған жүргізуші көлігімен ағашқа ілініп қалды (видео)

Қайрат Нұртас: Анам екеуміз Жұлдыздың арманын орындау үшін киноға түсірдік

Ақтөбеде мұғалімдермен төбелесетін тентек баланың дамуында ауытқушылық болуы мүмкін

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1648977-nazarbaev-qyrghyz-elininh-zhanha-prezide.html