RU

Әбдірахымов қоғамдық көлікке жауапты басшының суретін автобусқа іліп қоймақшы (видео)

Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қоғамдық көлік саласына жауапты бөлім басшысының фотосын енді қалада қатынайтын автобустарға іліп қоймақшы. Бүгін қала әкімдігінде қоғамдық көліктер проблемаларына қатысты өткен жиында ашуға булыққан шаһар «мэрі» осындай шешім шығарды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Өз сөзінде тұрғындардан келіп түскен шағымдарды тізбектеп шыққан Шымкент әкімі жауаптыларға халық аспандағы айды сұрап отырмағанын ескертті. Енді Шымкентте қатынайтын барлық қоғамдық автобустарда қалалық жолаушылар көлігі бөлімінің жетекшісі Қуатжан Жұматаевтың фотосуреті мен оның автобустар жұмысын жақсарту жөніндегі жоспары бар ақпараттық қағаздар пайда болады.

Қала әкімінің айтуынша, сағызша созылып келген проблемадан көз ашпайтын қарапайым халық бұл салаға қай қызметкердің жауапты екенін білуі тиіс.

«Сіз қарсы емессіз бе?», - деп сұрады Шымкент әкімі бөлім басшысынан. «Жоқ», - деп жауап берген шенеуніктің сөзін бөлген Ғабидолла Әбдірахымов «Қайта танымал боласыз», - деп жиынға келген қатысушыларды күлкіге қарық қылды.

Әбдірахымов мырзаның сөзінше, қалалық Ішкі істер басқармасы мен жергілікті полиция қызметінің басшылары автобус жүргізушілерінің жол жүру мен жолаушылар тасымалдау ережесін сақтауын қамтамасыз етуі тиіс. Осы ретте қала әкімі тұрғындарынан тәртіп бұзған автобустарды тоқтататын полицейлерге түсіністікпен қарауды өтінді.

Шаһар әкімі бұған қоса шымкенттіктер мен қала қонақтарынан әр ереже бұзу фактісіне қатысты тиісті фото-видео материалдарды 545-545 нөмірі арқылы call-орталыққа және +7 777 885 8513 нөмірі арқылы тіркелген whatsapp жілісіне, әкімдіктің Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі аккаунтына хабарлама ретінде жіберуді сұранды.

Тағы оқыңыздар: 

Аты әлемге әйгілі Месси үшінші баланың әкесі атанбақшы

Моңғолияның ең сұлу қызы өз елін әлемге қалай танытты? (видео)

Апатқа ұшырамауды ойлаған жүргізуші көлігімен ағашқа ілініп қалды (видео)

Қайрат Нұртас: Анам екеуміз Жұлдыздың арманын орындау үшін киноға түсірдік

Ақтөбеде мұғалімдермен төбелесетін тентек баланың дамуында ауытқушылық болуы мүмкін

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1648987-abdirakhymov-qoghamdyq-kolikke-zhauapt.html