RU

Ақтөбеде футбол жанкүйерлері атыраулық жігітті қуалап жүріп сабап тастаған

Ақтөбеде футбол жанкүйерлері тағы да бұзақылық жасаған. Жергілікті фанаттардың атыраулық жігітті қуалап жүріп сабағанын біреулер таспаға түсіріп алыпты деп хабарлайды КТК арнасы.

Әлеуметтік желіде тарап кеткен видеода таяқтың астында қалған атыраулық жанкүйер екен. Одан «Ақтөбенің» фанаттары үстіндегі команда белгісі бар футболканы шешіп тастауды талап етіпті.

Ақыры көнбеген соң жерге жатқызып алып, тепкінің астына алған. Әйтсе де бұл төбелестен тәртіп сақшылары хабарсыз. Олар жанжал туралы ешқандай арыз түспеді деп отыр.

«Қайрат» пен «Атырау» командаларының кубокқа таласы бұл жолы өз алаңдарында өткен жоқ. Олар Ақтөбеде кездесті. Мұнда «Қайрат» 1 де 0 есебімен жеңді.

Ал жергілікті жанкүйерлер өз ойыншыларымен кездеспесе де «Қайратқа» қыр көрсетті. Алаңға балағат сөз жазылған плакатты дрон ұшқыш аппаратымен жеткізген.

Осы екі жағдайға қатысты тәртіп сақшылары тергеу жүргіземіз деп отыр.

Тағы оқыңыздар:

Елімізде көп сұранысқа ие АИ-92 бензині тағы да қымбаттайды

Тұсаукесер рәсімінде ақшаны таңдап мәз болған сәби желіде жұлдыз болды (фото)

Шымкент әкімінің сөзін екі етпеген шенеуніктер үйлеріне автобуспен қайтты (фото)

Танымал заңгер Қайрат Нұртастың фильмін ұрланған деп айыптап, «2» деген баға қойды

Әбдірахымов қоғамдық көлікке жауапты басшының суретін автобусқа іліп қоймақшы (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1649124-aqtobede-futbol-zhankuyerleri-atyrau.html