RU

Назерке Әріпті өлтірді деген күдіктінің анасы ұлы туралы бар шындықты жайып салды

10 шілде күні жоғалып кетіп, денесі тек үш айдан кейін Алматыдағы Кеңсай зиратынан табылған Назерке Әріпті өлтірді деп ұсталған такси жүргізушісінің анасы 31 арнаға сұхбат берді.

Аты жөнін жасырып, түрін көрсетпеуді сұраған күдіктінің анасы, баласының бұған дейінде қыздарға бірнеше рет шабуыл жасағанын ашық айтып берді.

Назеркенің өлімінен кейін ата-анасының алдына барып, кешірім сұраса да күдіктінің анасы өзін кешіре алар емес. Айтуынша үйдің кенжесі 18 жасынан бастап өзінен-өзі қыздарға шабуыл жасауды әдетке айналдырған. Назеркені өлтірді деп ұсталған азамат осы уақытта дейін төрт рет бейтаныс қыздарды соққыға жықса оның соңғысы өліммен аяқталып, 11 жылға сотталған.

"Балам соңғы рет сотталғанда судьядан бастап, прокурорға дейін мәселе оның жүйке жүйесімен байланысты болуы мүмкін екенін мәлімдедім. Бірақ менің жанайқайыма ешкім мән бермеді. Медициналық сараптама қалай жасалғанын білмеймін. Ешкім мәселені терең түсінбеді", - дейді күдіктінің анасы.

Күдіктінің анасы баласының қоғамға қауіпті екенін мойындайды. Бұндай қайғылы жағдайды қас жауыма да тілемеймін дейді. Алайда қылмыстың алдын алу үшін, тиісті органдар тиянақты жұмыс істеу керек еді деген ойда.

Осыған дейін Facebook қолданушысы Александр Цой өзінің жеке парақшасында Назеркенің қазасына қатысты жазған жазбасында «Енді Назеркенің өлімі бірнеше рет сотталған қылмыскерді уақытынан бұрын босатқандардың ар-ұятында» - деп жазса, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов «Назеркенің өліміне парақор судьялар кінәлі» деп өз парақшасында жазба қалдырған еді.

Ал заң ғылымдарының докторы, профессор Орынбасар Тілепбергеннің пікірінше, күдіктінің екі рет істі болып, үшінші рет адам өлтіріп сотталып, содан кейін де уақытынан бұрын бостандыққа шығуы заңнын солқылдақтығынан.

"Бұл қылмыстық кодекстің дұрыс еместігі біріншіден. Екіншіден пробациялық соттық бақылаудың әлсіздігі. Үшіншіден қылмыстық әрекетті дұрыс дәрежелеп сараламаудың салдары. Төртіншіден сот медициналық-психиатриялық сараптамалардың дұрыс жүргізілмеуі", - дейді заңгер Орынбасар Тілепберген

Заңгердің сөзінше қылмыстық кодекстегі осы олқылықтар түзелмейінше азаматтардың қайта қылмыс жасамайтынына ешкім кепіл бола алмайды.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев қырғыз елінің жаңа президентін жеңісімен құттықтады

Елімізде көп сұранысқа ие АИ-92 бензині тағы да қымбаттайды

Танымал заңгер Қайрат Нұртастың фильмін ұрланған деп айыптап, «2» деген баға қойды

Аты әлемге әйгілі Месси үшінші баланың әкесі атанбақшы

Әбдірахымов қоғамдық көлікке жауапты басшының суретін автобусқа іліп қоймақшы (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1649129-nazerke-aripti-oltirdi-degen-kudikti.html