RU

Мұсылман еліне доңыз етін экспорттауды ұсынған министр Путиннің күлкісін келтірді

Ресей Ауыл шаруашылық министрі Александр Ткачевтің өрескел қателігі ел президенті Владимир Путиннің еріксіз күлкісін келтірді деп жазады islam.kz.

Лауазымды шенеунік ауылшаруашылық мәселесі жайында өткен үкімет жиынында Германияның ет экспортын мысалға келтіріп, аталған елдің Азия елдеріне, соның ішінде, әлем бойынша мұсылмандар саны жағынан көш бастап тұрған Индонезияға доңыз етін экспорттағаны турасында айтып қалады.

Осы тұста Путин баяндамашының сөзін бөліп, қателігін түзетеді. Министр "мақұл, онда Оңтүстік Корея" деп  да артынша "қандай айырмашылығы бар?" дейді саспастан.

Бұған Путин еріксіз күліп жібереді. Аты аталған шенеунік былтыр да отандық доңыз шаруашылығы жайында сөз қозғай келіп, Иранға доңыз етін экспорттау жайында айтып қалған еді.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев қырғыз елінің жаңа президентін жеңісімен құттықтады

Елімізде көп сұранысқа ие АИ-92 бензині тағы да қымбаттайды

Танымал заңгер Қайрат Нұртастың фильмін ұрланған деп айыптап, «2» деген баға қойды

Аты әлемге әйгілі Месси үшінші баланың әкесі атанбақшы

Әбдірахымов қоғамдық көлікке жауапты басшының суретін автобусқа іліп қоймақшы (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1649152-musylman-eline-donhyz-etin-eksporttau.html