RU

Танымал айтыскер ақын Төреғалиге "тиіскен" Асхат Садырбайға шүйлікті (фото)

Белгілі журналист Асхат Садырбай әнші Төреғали Төреәлі мен оның досы, айтыскер ақын Қайнар Алагөзовке өз ренішін жеткізді. Төреғали мен Қайнар әлеуметтік желіде тележүргізушінің намысына тиетін сөздер айтқан деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Журналист олардың өзіне қатысты жазған сөздерінің скриншотын жариялап, араларында кикілжіңнің барын аңғартты.

"Осыларды да өнердің өкілдері, мәдениетті насиxаттаушы, өнерпаз дейді-ау?! Пір тұтатын өнерпаздарымыздың әңгімелері осы болса жетіскен екенбіз! Ұят. Бұл олардың тараптарынан бықсып жатқан бірінші әңгіме емес. Сендер қолдарыңды инстаграмға ала шаппас бұрын алдымен бағдарламаны көрулерің керек еді. Өкінішті.

Қайнар, иә, менің қандай екенімді xалық біледі. Халық сені де, сенің қорғаштап отырған әншіңді де жақсы біледі. Ал, мен журналистпін, сендер жайлы өзгелерден көбірек білемін. Бірақ жарияға жар салып ғайбаттау менің тәрбиемде жоқ. Ашуыма тимеңдер. Мен сені танымаймын, сырттан тып-тыныш сыйласып жүре берейік.

Қазақпын деп көкірек қағып, показуxа жасамай, қазақ деген атқа лайық болайық. Мынау тірліктерің ұят! Аттарыңа да, заттарыңа да сын! Мен сендермен айтысқым келмейді. Мен бейбітшілік және тұрақтылық үшін! Әңгіме осымен бітсін!", - деп жазды әнші.

Ал желі қолданушылары болса әнші мен ақынның бұл әрекетіне түрлі пікірлерін жаудырып, өзара дауласып кетті.

Айта кетерлігі, Төреғали де, Қайнар да өз пікірлерін өшіріп үлгеріпті.

Тағы оқыңыздар: 

Аты әлемге әйгілі Месси үшінші баланың әкесі атанбақшы

Моңғолияның ең сұлу қызы өз елін әлемге қалай танытты? (видео)

Апатқа ұшырамауды ойлаған жүргізуші көлігімен ағашқа ілініп қалды (видео)

Қайрат Нұртас: Анам екеуміз Жұлдыздың арманын орындау үшін киноға түсірдік

Ақтөбеде мұғалімдермен төбелесетін тентек баланың дамуында ауытқушылық болуы мүмкін

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1649228-tanymal-aytysker-aqyn-toreghalige-tii.html