RU

Астанадағы белгілі емханаға қаралған әйелдің ауруы одан сайын асқынып, тістері түсіп қалған

Астана қаласының тұрғыны тістерін емдеу және протездеуге жұмсалған ақшасын сот арқылы қайтарып, сонымен қатар моральдық өтемақы өндіріп алды деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметі.

Іс материалы бойынша, 2017 жылы әйел адам қаладағы стоматологиялық клиникалардың біріне барады. Дәрігерлер тіс сауыттарды шешіп, емдеу жүргізіп, тістерді протездеген.

Емдеу және протездеу шаралары жасалған соң, ем қабылдаушы аурудың салдарынан тамақтана алмайды. Науқас әйел дәрігерлерге қайта барған кезде, оған мұндай асқыну басылатынын айтқан.

Алайда, тіс ауруы күшейіп, оған қоса емделушінің тістері түсе бастайды.

Зардап шегуші Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтауды қорғау департаментіне барып, тіс дәрігерлеріне қатысты шағым түсіреді.

Астана қаласы Алматы аудандық соты емделушінің өтінішін қанағаттандырып, оның 1 миллион 60 мың көлемінде төленген ақшасын қайтарып, 150 мың теңге моральдық өтемақы өндіреді. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Тағы оқыңыздар:

Елімізде көп сұранысқа ие АИ-92 бензині тағы да қымбаттайды

Тұсаукесер рәсімінде ақшаны таңдап мәз болған сәби желіде жұлдыз болды (фото)

Шымкент әкімінің сөзін екі етпеген шенеуніктер үйлеріне автобуспен қайтты (фото)

Танымал заңгер Қайрат Нұртастың фильмін ұрланған деп айыптап, «2» деген баға қойды

Әбдірахымов қоғамдық көлікке жауапты басшының суретін автобусқа іліп қоймақшы (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1649231-qaladaghy-belgili-emkhanagha-qaralghan.html