RU

Шымкент әкімі уәдесінде тұрып, қарапайым халықпен бірге автобусқа мінді (фото)

Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов өз уәдесінде тұрып, қоғамдық көлікке мінді. Бүгін шаһар тұрғындарының көпшілігі қала мэрін автобустан көріп, таңырқап қалған деп хабарлайды NUR.KZ.

Өз маршрутына үлгеру үшін әкімге тіпті біршама жүгіруге тура келген. Ғабидолла Әбдірахымов тұрғындармен бірге автобусқа отырды.

Адамға лық толы автобус ішінде жастар қала әкіміне орын берген. Алғысын жаудырған ол жолаушылардың сұрақтарына жауап беріп тұрды. Осы орайда қарапайым халық та оңтайлы сәтті қалт жібермей, Әбдірахымовпен суретке түсіп үлгерген. Әкім жолақысына 70 теңге төлеп, билетті сақтап қалуға сөз берді.

Автобусқа мінген тұрғындар өз кезегін күтіп тұрған әкімді бірнеше мәрте суретке түсіріп алыпты.

"Мен өз автобусыма кешігіп қала жаздадым. Әйтеуір үлгердім. Мен мінген қоғамдық көлік өте ыңғайлы екен, жастар да көп жүреді. Жұмысқа 10 минутта жетіп барсам да, көп нәрсе ойлап үлгердім. Студенттік кездерді еске алдым. Шынымды айтсам, көңіл-күйім көтеріліп қалды. Маған сәтті билет тап болды, оны сақтап қоямын деп шештім", - деді өз әсерімен бөлісті Ғабидолла Әбірахымов.

Бір айта кетерлігі, әкім орынбасарлары, ведомство басшылары, сондай-ақ коммуналдық қызмет басшылары секілді барлық мемлекеттік қызметкерлер қоғамдық көлікке жаппай мініп жатыр.

Олардың кейбірі тіпті автобус ішінде "селфи" жасап, желіге жариялаған.

Қызметтік көліктер бір айға әкімдік автотұрағына қойылған. Олардың барлығы мөрленіп, жүргізушілер демалысқа жіберілді.

Естеріңізге сала кетсек, Шымкент әкімі қоластындағы қызметкерлеріне қызметтік көлікті пайдалануға тыйым салған болатын. Енді қымбат көлікпен жұмысқа қатынап үйренген шенеуніктер бір ай бойы автобуспен қатынайды.

Тағы оқыңыздар:

Елімізде көп сұранысқа ие АИ-92 бензині тағы да қымбаттайды

Ақтөбеде футбол жанкүйерлері атыраулық жігітті қуалап жүріп сабап тастаған

Шымкент әкімінің сөзін екі етпеген шенеуніктер үйлеріне автобуспен қайтты (фото)

Әбдірахымов қоғамдық көлікке жауапты басшының суретін автобусқа іліп қоймақшы (видео)

Астанадағы белгілі емханаға қаралған әйелдің ауруы одан сайын асқынып, тістері түсіп қалған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1649435-shymkent-akimi-uadesinde-turyp-qarapa.html